Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

04.08.2016

Алматыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуметтік салаға серпін беруде


  Инвесторлардың көмегімен қалада мектеп, балабақша және денсаулық сақтау мекемелерінің саны артуда. Биыл оның шеңберінде іске асырылатын жоба 5 саланы қамтып отыр. Яғни, алып шаһардың 8 ауданында транспорт, білім беру, денсаулық сақтау, көріктендіру және спорт салалары жетілдіріледі.

Биыл Алматыда мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 33 жоба іске асады. Қарастырылған қаржы көлемі 184,5 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл жобаның шеңберінде транспорт, білім беру, денсаулық сақтау, көріктендіру және спорт саласы жетілдіріледі. Оның басым бөлігі Алатау және Наурызбай ауданында іске асырылады. Наурызбай ауданында 500 орынға шақталған емхана салынады. Ал, Алатау ауданында патология-анатомиялық бюро бой көтеретін болады.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестігінің жалпы кәсіпкерлер үшін тиімділігін айтатын болсақ. Бұл ең бастысы оларға осы дәстүрлі түрде мемлекет айналысатын жобалармен айналысуға мүмкіндік беру. Яғни, ол білім беру саласында мектептер құрылысы. Бізде қазір бірнеше кәсіпкерлер бар осы саладағы өздерінің жобаларын жүзеге асыруға ниетті,-дейді «Алматы» ӘКК» ҰК» АҚ стратегиялық даму департаментінің директоры, Марат Айнабеков.

Биыл Алматы қаласы жұмыс тобының қарауына жалпы құны 387 миллиард теңгелік 84 жоба ұсынылған. Аталған жүйенің кәсіпкерлерге берері көп. Оларға "бір терезе" қағидасымен қызмет көрсетіледі. Оған қоса, сабылып жер іздеу мен көптеген құжат жинаудан босатылады. Сонымен қатар, инвестицияға кеткен қаражатты үкімет бірте-бірте қайтарып береді.

Мемлекет нысанды қолайлы мөлшерлемемен 20 жылға дейін жалға береді, кәсіпкерге өз бизнесінің қызметін жүргізу, жоспарлау және ұлғайту мүмкіндіктері ұсынылған. Қазіргі таңда, бұл игі бастамаға кәсіпкерлер ынталы. Өйткені, үкімет олардың көмегі үшін бизнестегі түйткілді мәселесін шешу жолдарына септеседі,- дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, Қайрат Қасенов.

Алматы қаласы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығын құрған. Бұл орын жобалардың концепциясын құрумен қатар, инвесторларды іздеумен айналысады.

04.08.2016