Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

04.07.2019

Алматылықтар Астана күніне орай Нұрсұлтан шыңын шығады


Алматылықтар 7 шілдеде биіктігі 4376 метр болатын «Нұрсұлтан» шыңына шықпақ. Осылайша алматылықтар Астана күніне тарту жасамақ.


«Алматы Спорты» әлеуметтік жобасы мен Алматы қалалық спорт басқармасы аталған Альпиниадаға қатысуға барлық альпинистер мен хайкинг сүйетін азаматтарды, қонақтарды шақырады.

Бұл сапар жаңадан бастап келе жатқан спортшылар үшін 2А санатындағы күрделі сапар болмақ. Оған міндетті түрде альпинистердің қатысуымен баруға кеңес беріледі. Тауға 12 жастан асқан балаларға да шығуға рұқсат беріледі. Бірақ, қастарында ересек адамдар болуы шарт. «Спортшыларға каска, қара көзілдірік, күннен қорғайтын крем, тауға киетін бәтеңке, желден қорғайтын костюм, шаңғы таяғы, ішіп жейтін заттар алып шығу керек. Жартасты учаскелерден тек каскасы мен сақтандыру құралы барларға ғана өтуге рұқсат беріледі.

Альпиниадаға қатысу үшін  www.falp.kz сайтында тіркелу керек.

Алматы спорты сайтынан 8727 291 33 24, 8747 380 47 81 ақпарат алуға болады», - делінген хабарламада. Альпиниада бағдарламасы: Таңғы 05:30-да қатысушылар Медеу (1600м) - Шымбұлақ (2380м) - Талғар асуы (3200м) - Богданович мұздығы (3600м) - одан әрі  Маршрут-1 немесе Маршрут-2 бойынша жылжиды. Маршрут-1: Богданович мұздығы - Комсомол асуы (4000м) - Нұрсұлтан шыңы, 4376м; Маршрут-2: Богданович мұздығы - Физкультурник асуы (4000) - ҚХА шыңы, 4068м (Физкультурник).  




04.07.2019