Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

04.01.2018

Алматыда қоғамдық көлік бағыттарын бақылау қосымшасы іске қосылды


 «Оңай Рау» ЖШС  Алматыда қоғамдық көлік бағыттарын  онлайн режімінде бақылай алатын «Оңай!»  жаңа мобильді қосымша іске қосылғанын хабарлайды.

«Оңай» мобильді қосымшасының  басты бетінде «Бағыттар»  бөлімшесінде өзіңізге керекті автобус нөмерін енгізту арқылы қай бағыт қай жерде, қандай аялдамада тұрғанын көре аласыз. Сондай ақ өзіңіге ыңғайлы   автобус/ троллейбіс бағыттарын енгізту арқылы қоғамдық көліктер бағытын бақылауға болады. Автобус бағытын нөмерін енгізтсеңіз болғаны, ол бағыт қартасынан қайта тұрғанын көрсетеді.

Пайдаланушы бағыттың басталу және аяқталу нүктелерін белгілей отырып болжамды уақытына сәйкес келетінін көре алады»,- дейді  «Оңай Рау» ЖШС директоры Александр Зайкин.

Аталған қосымша қаладағы  қоғамдық көліктің «Оңай»  каратсын пайдаланушы жолаушылардың өтінішін ескере отырып дайындалды.

ОҢАЙ! картасы – электронды төлемнің бірегей құралы. 2015 жылдың 01 қазанынан бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде «Жол ақысын есептеу және төлеу жүйесін автоматтандыру» (ЖЕТЖА) жобасы бойынша  картаның бірінші қызметі іске қосылды. 

«ЖЕТЖА» қызмет көрсетуді және бақылауды «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС операторы жүзеге асырады.

2016 жылдың 25 желтоқсанынан бастап «Оңай Pay» ЖШС «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК бірлесе отырып  ОҢАЙ! картасының көмегімен e-kzt.kz электронды ақша жүйесі арқылы көліктік емес төлемдерді жасау мүмкіндігін енгізу жобасын іске асырды.

04.01.2018