2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

03.12.2019

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен қаладағы мұз айдындарының дайындық барысын тексерді.


Биыл қыста қалада төрт тегін, яғни «әлеуметтік» мұз айдындары ашылады. Атап айтқанда, 28 панфиловшылар саябағында, Бостандық ауданында Тұңғыш Президент саябағында, сондай-ақ Наурызбай мен Түрксіб аудандарында, «MART» ойын-сауық орталығында іске қосылады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев дайындық жұмыстарының барысын тексеріп, мұздың сапасы мен ілеспе сервистік инфрақұрылымын дұрыстау жөнінде бірқатар ескертулер жасады.

«Мұздың сапасын ретке келтіріп, конькиді жалға беру мен тамақтанатын орындарды дұрыс жолға қойып, демалу орындары мен санитарлық аймақтарды ойластыру керек. Мұз айдыны кез-келген жастағы келушілер үшін қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс», — деп мердігер компания өкіліне айтқан қала әкімі Б. Сағынтаев, «әлеуметтік» дегеніміздің сапасыздық емес екенін тілге тиек етті.

Мұз айдынының жалпы ауданы 12 мың шаршы метр. Алаңдағы мұз табиғаттың күрделі жағдайына байланысты болмайды. Айдындар арнайы жүйемен салқындатылады. 28 панфиловшылар саябағы мен Тұңғыш Президент бағындағы мұз айдыны мұз алаңдары түрінде жасалған.

Сапар қорытындысы бойынша қала әкімі Б. Сағынтаев жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарларына, аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға қалалық мұз айдындарының техникалық дайындық барысын бақылауды күшейтуді тапсырды.

03.12.2019