Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

04.12.2018

Алматыда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы жаңарды


Алматыда ел Президентінің Жастар жылын жария етуі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлестіктің жаңа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды, олардың арасында денсаулық сақтау, мәдениет салалары мен бизнестің, спорттың жас өкілдері бар. Дәл сол күні Алматы әкімі «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жаңарған қоғамдық қабылдауын көрді.


«Кез келген қала, кез келген ел халықтан құралады. Алматы дегеніміз не? Бұл үйлер, жол айрықтары емес, адамдар. «Нұр Отан» партиясы туралы да осылай айтуға болады. Партия - бұл мүдделестер командасы. Бүгіннен бастап сіздер Президентіміздің серіктесісіздер. Біздің барлық жетістіктеріміз Мемлекет басшысының, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының есімімен тікелей байланысты. Елбасының кемеңгер саясаты арқасында партия 20 жыл ішінде еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына зор үлес қосты. Партияның саяси Доктринасына сәйкес біздің басты қағидамыз - ашықтық. Сондықтан біз азаматтардың түрлі проблемаларын шешудің тиімді әрі ашық механизмі болып табылатын қоғамдық қабылдауды одан әрі дамыта береміз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

   

Партияға мүше болғандардың арасында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы, дәрігер-кардиохирург әрі «Болашақ» бағдарламасының түлегі Беркін Тұрқұлов, шахматшы Жансая Әбдімәлік, нанотехнология және наноматериалдар докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы Гаухар Сымағұлова, олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, өнертапқыш Айбек Рахим, жас кәсіпкер Ақылбек Аққайыр, журналистер Оксана Драчева мен Нұргүл Асанова, жас суретшілер орталығының жетекшісі Кристина Бекмұрзаева бар

04.12.2018