Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

03.10.2019

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы басталды


Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады. Күздің алғашқы маусымын Алматы облысының тауар өндірушілерді ашады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметі бойынша, құны 111 миллион теңгеден асатын жаңа және әр түрлі өнімді Талдықорған, Қапшағай, Текелі, сондай-ақ Алматы облысының 17 ауданынан келген фермерлер әкеледі.

Шараға «Жетісу ӘКК» АҚ қатысады. Алматылықтар мен қонақтарға жалпы көлемі 180 тонна 50-ден астам тамақ өнімдері, оның ішінде ет және балық өнімдері - 50 тонна, жемістер мен көкөністер - 86 тонна, сүт - 14 тонна, сондай-ақ жарма, ұн, өсімдік және мал майлары ұсынылады.

Бағалар әдетте орташа нарықтық бағадан төмен болады. Сиыр етін кг үшін 1700 теңгеден, тауық етін 750 теңгеден, картопты 80 теңгеден, пиязды бір килограммын 65 теңгеден сатып алуға болады.

Жәрмеңке 5 қазан күні таңертең 8-де Астана алаңында ашылады. Алдағы уақытта Алматыда Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының қатысуымен жәрмеңкелер өтеді.

03.10.2019