Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

03.10.2018

Алматы көшелерінде жаңа арт-нысандар пайда болды


Жақын арада Алматы көшелерінде Алдар көсе, текше, ретромобиль пайда болмақ. Бұл туралы «PARK FEST» халықаралық мүсін және шағын архитектуралық формалар фестивалінде белгілі болды.

           

Аталған шара аясында қазақстандық және шетелдік суретші мүсіншілер қаланы түрлі арт нысандармен әрлеп жатыр. Атап айтқанда, Абай Достық көшелері қиылысының тарихи келбетін қайтаруға күш салынып жатыр.  Жер асты жолына кірер жолдардың шатыры алып тасталған. Үшінші кіреберісте «Өту» деген жазба ілініп тұр. Яғни, осыдан бірнеше жыл бұрын бұл көшенің келбеті осындай болатын. Осылайша «Арман» кинотеатры ондаған жылдар бұрынғы кейпіне қайта енді. Бұл жерде сондай-ақ, апорт тиелген ретромобиль пайда болды. Бұл арт нысанды Жас суретшілер орталығының өнерпаздары салды.  Назарбаев пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында Алдар көсенің темірден жасалған образы пайда болды. Мүсін ескі автомобильдің бөлшектерінен жасалған. Мүсін авторы - ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші, мүсінші Руслан Ақанаев.

           

Назарбаев көшесінде ерекше шам пайда болды. Өте үлкен текше формасын ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, график, ҚР суретшілер одағының мүшесі Абдуахат Мұратбаев пен ART SPACE галереясының мүшелері салды.  «Текше пішіндес аспашам оюланған металл кесінділермен қоршалған. Бұл нысандар қалалықтардың жиі жиналатын орнына айналатынына сенім мол. Алматы туристер арасында да визуалды образымен есте қалатын болады»,- делінген нысанның таныстырылымында.

           
Назарбаев-Қарасай көшелерінің қиылысында аса үлкен вазалар пайда болды. Нысанды ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, график, ҚР суретшілер одағының мүшесі Абдуахат Мұратбаев пен ART SPACE галереясының суретшілері салды.  Сонымен қатар, Беларусь, Қырғыз республикасы, Тәжікстан суретшілері бірігіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанында плэнер жасаған еді.  Қаладағы №2 вокзал маңында мүсінші Тамила Маматованың «Кеокёр» скульптурасы бой көтерді. Бұл - қырғыздың ұлттық сусын ішетін ыдысы. Қазақтың саба, торсық, бұлқыншағына ұқсайды.  

           

03.10.2018