2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

03.05.2019

«Оқушыларға сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті


Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының базасында «Оқушыларға сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында, мектептердің медицина қызметкерлері, асхана кәсіпкерлері, аудандық білім беру бөлімдері жауапты өкілдерімен семинар өтті.

                   

Семинар барысында аудандық денсаулық сақтау басқармасының мамандары өсіп келе жатқан ағзаның нақты физиологиялық қажеттіліктеріне және қазіргі заманғы мектеп оқушыларының жоғары психикалық және психофизикалық стресстеріне байланысты жеткіліксіз тамақтану және тамақпен байланысты аурулардың ең маңызды мәселелерін түсіндірді.

Оқушылардың ас мәзірінде тепе-теңдік келесідей сипатталады: жоғары биологиялық құндылығы бар белоктың болмауы; полиқанықпаған май қышқылдарының жетіспеушілігі, қаныққан майдың артық тұтынылуы; қарапайым қанттардың, диеталық талшықтардың жеткіліксіз мөлшері және С, В1, В2, А, Е, фолий қышқылы және каротин дәрумендерінің артық болуы.

Жиын соңында Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, білім беру мекемелерінің асхана кәсіпкерлерімен екі жақты меморандум жасады.

 

 

03.05.2019