Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

03.05.2018

Алматыда «Атакент» орталығының территориясы қала меншігіне қайтарылуда


Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Атакент» іскерлік байланыс орталығының 23 гектар аумағын жалға беру туралы келісімнің күшін жою туралы қаулы шығарды.

Енді 54,1 га аумақты құрап жатқан территория қаланың меншігіне қайтарылды. Оның 31 гектары жеке меншікте, ал 17 гектарында түрлі сауда орындары, мейманханалар мен спорт кешендері орналасқан.

Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі барлық құқықтық құжаттарды тексеруде. Игерілмеген 14 гектар жерге шектеу қойылған. Дегенмен, мақсатты негізде салынған көрме павильондары немесе өзге де нысандарды сүру жоспарда жоқ. Еске салайық, осыдан екі апта бұрын Бауыржан Байбек

«Атакент» орталығының меншік иелері аталған аймақты дамыту бойынша міндеттемелерін толық атқармай отырғанын айтқан болатын. Осыған байланысты Алматы әкімі тиісті басқармаларға жалға беру келісімін бұзу туралы тапсырма берді. «Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін.

Бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен  базарға айналдырған. Басқарушы  компания осы аумақтты  дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ешқандай жұмыс атқарылмаған», - деді  Бауыржан Байбек.


 

03.05.2018