Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

03.04.2018

Қазақстанда енді 20 минутта тұрғылықты жерге онлайн-тіркеуге тұра аласыз


Қазақстанда электронды үкімет порталында тұрғылықты жерге онлайн тіркелу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚР азаматтарға арналған үкімет баспасөз қызметі.

Енді тұрғылықты мекен-жайға тіркелу үшін ақазсқатн азаматтарына не бәрі 20 минут қажет. Бұдан өзге Қазақстан Республикасы Салық кодексінде болған өзгерістерге байланысты осы жылдың қаңьар айынан бастап тіркелуіге мемелекеттік баж салығы салынбайды»,- делінген хабарламада.

Естеріңігзе сала кетейік, ертеректе электронды үкімет порталы арқылы тұрғылықты тіркеуге тұру үшін АЕК тен 10 пайыз мемлекеттік баж салығын төлеу қажет еді, одан кейін «Азаматтарға раналған үкімет» мемелекеттік корпорация офисіне барып, көшу қону қызметінің қызметкерлері жеке куәлік чипіне тіркелу туралы мәліметті толтыратын. Ал енді Наурыз айынан бастап бұл рәсім тағы да жеңілдеді.

Енді egov.kz-да жылжымайтын мүлік иесінің және тіркеуден өту рұқсатын алғаннан кейін, жеке меншік үй иесі өтініш иесіне рухсатын беру үшін электронды цифрлық қолтаңба арқылы келісімін береді.Бұл мәліметтерді өңдеу не бәрі 10 минуттық уақытты алады. содан кейін жаңа тіркеудегі мекен-жай анықтамасын алуға тапсырыс бере аласыз.

Қызмет толығымен автоматтандырылған және ЭСҚ бар болса Қазақстанның барлық аймақтарында онлайн режимінде қол жетімді болады», - делінген хабарламада.

                                                                                      

                                                                                                         "Азаматтарға арналған үкімет" 

                                                                                                            баспасөз қызметі

03.04.2018