Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

03.04.2018

Алматы қаласы ІІБ Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі полициясы қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты З.Балиевамен кездесті


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Балиева З.Я. Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ювеналдық полициясында болып «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдаудың орындалуын түсіндірді.

          

2018 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Балиева Зағипа Яхьянқызы Алматы қаласы ІІБ Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі полициясы қызметкерлерімен кездесіп ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін және Басқа әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар туралы түсіндіріп берді.

          

Түсіндіру жұмысына Алматы қаласы ІІБ Кәмелеттік жасқа толмағандар полициясының қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары М.Б.Балбаева, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасының орынбасары А.А. Бактуразова, Алматы ІІБ-нің жергілікті полиция қызметі бастығы Байкенов Ж.К. қатысты.

          

Кездесу барысында тыңдаушылар тарапынан «Кәмелетке толмағандарға қатысты жасөспірімдер, Кәмелетке толмағандарға бейімделу орталығы немесе уақытша оқшаулаушылар қабылдауы туралы сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесу соңында қыркүйек айында өткен кеңесте Білім басқармасымен бірге барлық сұрақтар мен ұсыныстар талқыланатынын жеткізді.

 

03.04.2018