Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

03.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Цифрландыру - ұлттық экономиканың қозғаушы күші


  Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» халықаралық форумы өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына жолдаған хатын Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жеткізді.   

«Әлем қазір түбегейлі өзгерістер замынында. Цифрландыру - ұлттық экономиканың қозғаушы күші. ЕАЭО да 2025 жылға дейін цифрландыруға мән беріп отыр. Бүгінгі форум - күн тәртібіндегі мәселені жүзеге асыруға жасалған маңызды қадам. Цифрландыруды жүзеге асыруда қандай қадам жасайтын боламыз, соны бірігіп талқылаймыз. Бұл шара қажетті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың хатында.   

Форум жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның Премьер-Министрлері, сондай-ақ халықаралық бірқатар IT компаниялардың өкілдері қатысты.

Еліміз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына барлығы 169 мрлд теңге жұмсауды көздеп отыр. Болжам бойынша бағдарлама арқасында 2025 жылдан бастап, ІЖӨ-нің 30 пайызы цифрландыру жобаларынан тұруы керек. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына салынған қаржы 2025 жылға қарай 4,8-6,4 есе инвестиция есебінде қайтады деген жоспары бар.

Айтакетейік, форум Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылды.  Нақтырақ айтқанда,2017 жылдың қазан айында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО ға қатысушы мемлекеттер басшылары цифрлық жұмыс күн тәртібінің 2025 жылға дейінгі басты бағыттары нбекіткен.

 Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасына қолдау танытқан болатын. Жалпы, Қазақстан ТМД ішінде алғашқы болып, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануды, электрондық үкімет бірыңғай порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді енгізуді бастаған.

«Цифрлық Қазақстан» экономикасын жедел технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету бағытында  цифрлық трансформациялау бойынша кешенді бағдарлама қабылданды. Бағдарламада 2 негізгі мақса тайқындалған. Бірінші, экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетк еөту және  «Цифрлық Жібекжолын»  дамыту арқылы экономиканы дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту қарқынын айтарлықтай үдету. Екінші, адам капиталын дамыту және ұзақ мерзімді перспективада инновациялық экожүйені құру арқылы Қазақстан экономикасының жаңа даму траекториясына өту міндет ітұр.  


 inform.kz

 

 
 


 



03.02.2018