Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

02.10.2018

Алматыда жылыту маусымы қашан басталады


Алматылықтар қыстың қамын жасады ма? Жылу қазандығы маусымға шыдас бере ме? Қордаланған қарыз коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына кедергі келтірмей ме? Бұл сауалдардың жауабы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС бас инженері Дмитрий Кирдяйкин хабарлағандай, Алматыда ауа температурасы 5 күн бойы Цельсия шкаласымен +8 градусқа жеткенде, жылыту маусымы басталады. Бірінші кезекте балабақшалар мен мектептер, медицина мекемелері мен әкімшілік ғимараттарға жылу беріліп, қалған тұтынушылар 5-6 күн ішінде толық жылумен қамтамасыз етіледі. Қазір қалада күн райы ашық, жақын арада салқындауы әбден мүмкін.  «Нормативтік құжаттарға сәйкес, жылу ауа температурасына қарай беріледі. Біз жылуды 15 қазаннан бастап береміз»,- деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Оның айтуынша, коммуналдық шаруашылық обьектілерін және әлеуметтік сала мекемелерін қыс маусымына дайындауға бюджеттен 36 млрд теңге және табиғи монополия субъектілерінің өз қаржысынан 27,5 млрд теңге қарастырылған.

02.10.2018