Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

02.08.2018

Алматыда Азия кубогы кезінде автокөлік жолдары жабылады


Алматыда Триатлон бойынша Азия кубогын өтетін күндері Сайран көлінің маңындағы автомобиль жолдары жабылады. Бұл туралы қала әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлім етті

3-5 тамыз аралығында Триатлоннан Азия кубогы және ҚР Чемпионаты кезінде велокезең өтетін жерлердегі көлік жолдарында қозғалыс ішінара шектеледі. «3 тамызда жаттығу кезінде сағат 13.00-ден 15.30-ға дейін Төле би көшесінің бойы (оңтүстік жағы) Н.Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады. Өтеген батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейінгі қозғалыс шектеледі. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады. 4 тамызда жарыс кезінде сағат 05.00-ден 13.00-ге дейін Төле би көшесі бойы (оңтүстік жағы) Н.Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. 

Өтеген батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен бастап А.Жұбанов көшесіне дейінгі қозғалыс шектеледі. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады. 5 тамызда жарыс кезінде сағат 06.00-ден 15.00-ге дейін Төле би көшесінің бойы (оңтүстік жағы) Н.Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады. Өтеген көшесінің бойында Төле би көшесінен бастап Абай даңғылына дейін қозғалыс тоқтайды. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады. Абай даңғылының бойы  Өтеген батыр көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін (солтүстік жағы) жабылады. 

Оңтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады. «Триатлоннан Азия кубогы және Қазақстан Республикасының Чемпионаты Алматыда алғашқы рет өтеді. Жарысқа жерлестеріміз ғана емес, 20-дан астам елден спортшылар келді. Осындай ауқымды оқиғалар үшін жолдарды жабу - бұл әлемдік тәжірибе. Біз көліктің қозғалысын қиындатпау үшін, жолдарды жабу аумағымен уақытын барынша азайтуға тырыстық. Тұрғындар түсіністік танытады деп үміттенеміз және демалыс күндері бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз», -деді әкімдік баспасөз қызметінен.


inform.kz

 

02.08.2018