2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

02.08.2016

Алматыда «Мектепке жол» әлеуметтік акциясы басталды


Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол» республикалық әлеуметтік акциясы басталды.

Акцияның мақсаты - тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы ата-аналарына балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу. Мұндай жұмыс қазір Бостандық ауданында жүргізіліп жатыр. 

Өткен жылы «Мектепке жол» акциясының арқасында көптеген балалар мектепке киетін форма, оқулықтар және басқа да оқуға қажетті құралдарға ие болды.    Биыл негізінен оқу оқымайтын және сабаққа бармайтын балаларды анықтауға, аз қамтылған отбасылар мен балаларға қарайтын адамдарды бекітуге назар аударылады. «Мектепке жол» акциясының барысында өтетін шаралар 30 тамызға дейін жалғасады.

02.08.2016