Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

02.07.2018

Алматыда «Балбырауын» күйін бір мезетте 500 домбырашы орындады



Алматыда Ұлттық домбыра күніне орай бір мезетте 500 домбырашы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Бұл мерекеге арнайы жасалған тарту болатын.
           
Арбат алаңында ашық аспан астындағы салтанатқа жүздеген адам домбырасын арқалап келді. «Сазген сазы», Алатау дәстүрлі өнер театрының фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары мен мектеп оқушылары бір мезетте Құрманғазының әйгілі «Балбырауын», «Адай» күйлерін, Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауын» орындаудан «флешмоб» ұйымдастырды.

           
 Сондай-ақ бұл күні Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін домбырада ойнау мен оны жасаудан шеберлік сабақтары ұйымдастырлып, домбырашылардың фотокормесі мен сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтті. Көрермендер арасында домбырада ойнаудан сайыс өткізіліп, музыкалық викториналар ойнатылды.

02.07.2018