Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

02.02.2018

4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күні


Жыл сайын 4 ақпан күні Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одағының бастамасы бойынша Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жүргізіледі.

Мақсаты – онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу мәселелер бойынша медициналық қызметкерлер мен тұрғындардың хабардарлығын арттыру, сонымен қатар тегін скринингтік тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі туралы тұрғындарды хабардар ету.

2018 жылы 3 ақпан күні 10.00-де онкологиялық ауруларды емдеу мен алдын алу, дәрігерлердің жаңа инновацияларды қолдану бойынша ҚР ДСМ бас онкологы Диляра Қайдаровамен баспасөз-конференциясы өтеді.

Сонымен қатар, сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-дің (ҚазОжРҒЗИ) қабылдау-кеңес беру бөлімшесінде БАҚ қызметкерлеріне арналған дәстүрлі Ашық есіктер күні өтеді. Журналисттер үшін барлық онколог-мамандардың тегін кеңес берулері ұйымдастыралатын болады.

 Іс-шара ҚР ДСМ қолдауымен Қазақ онкология және радиология ҒЗИ (ҚазОжРҒЗИ) және «Қатерлі ісікпен күресейік» ҚҚ-мен жүргізіледі.

Баспасөз-конференцияға тіркелу: 8701 705 78 76

Өтетін мекенжайы: Алматы қ., Абай 91 даңғылы, Шагабутдинов көш.қиыл. (Орталық стадионға қарама-қарсы). Қазақ онкология және радиология ҒЗИ,1 этаж, Үлкен-конференц залы (9-этажды ғимарат).

 

 

02.02.2018