Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

01.12.2017

Жүздеген студент Мемлекеттік туды Алматы көшелерімен алып өтті


 Алматы жастары ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ерекше флеш-моб өткізді.

Бес жүз жас өрен ені 20 метр, ұзындығы 40 метр болатын Қазақстанның Мемлекеттік Туын Назарбаев даңғылымен алып өтті. Онымен бір мезгілде  жастар «Атамекен» əнін шырқап жүрді.

         

«Алматы жастары, түрлі ЖОО-лар мен колледждер студенттері алматылықтарды мерекемен құттықтап, осындай ерекше тарту жасады. Жастардың шебі Абай көшесінен Сəтбаев көшесіне дейін жүріп өтіп, Республика алаңына тоқтады. Шараға 500-ге тарта ерікті қатысты»,- деді Алматы жастары ұйымының жетекшісі Айсұлу Ерниязова.

         

Айта кету керек, бүгін Қазақстан халқы ҚР Тұңғыш Президенті күнін осымен алтыншы жыл атап өтіп жатыр.



01.12.2017