Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

01.08.2016

Алматыда қайта жөндеуден кейін «Күйген сай» қайнары ашылды


Алматыда «Медеу» табиғи парк аумағында қайта жөндеуден кейін «Күйген сай» қайнары ашылды. Ашылу Алматы қаласы әкімдігінің бекітілген шеберлік-жоспарына сәйкес өтті.

«Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи парктің директоры - Самгат Ермекбаевтың айтуынша қайнар аумағында екі хауыз орналасқан: біреуінде тау суы, ал екіншісінде  гидрохимиялық лаборатория ұңғымасынан 320 метрден шығатын родон суы.

 «Қайнар су аз минералды санатына жатады. Ол көптеген тері ауруларына таптырмайтын ем болатын тірқатар пайдалы элементтерге бай. Су сейсмостанция аумағынан биіктігі 2 метр темір құбырлар арқылы шығарылады»,-дейді ол.

Сонымен  қатар, қайнар аумағында воркаут және демалыс  алаңдары бар. Ондағы барлық жабдықтар ағаштан жасалған. Ыстық қайнар аумағын жаңғырту жұмысын  әлеуметтік жауапкершілік жобасы аясында жергілікті кәсіпкер Сергей Спицын жасады.

  С.Ермекбаевтың мәліметі бойынша, қайта ашылған «Күйген сай» қайнарына қазір 500 ден 800 дейін адамдар келеді. 

01.08.2016