Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

01.07.2016

Н.Назарбаев Алматыда май өнімдерін шығаратын кешенді іске қосты


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңесте «Эфко Алматы» ЖШС-ның май өнімдерін шығару кешенін іске қосуға рұқсат берді.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Өткен жылы Шетел инвесторлары кеңесінде Сіз Қазақстанда май өнімдері кластерін құру жобамызды мақұлдаған едіңіз. Біз жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырттық, жаңа технологиялар енгіздік және ендігі уақытта жылына 120 мың тоннаға дейін май өнімдерін шығаратын боламыз. Әлемдік технология трансфертін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын базасында меншікті оқу орталығы құрылды. Құрметті Елбасы! Біз өндіріс көлемін арттыруға және таяу болашақта Орта Азияға май өнімдерін басты жеткізушіге айналмақ ниеттеміз. Өндірісті Іске қосуға рұқсат етіңіз», - деді «ЭФКО Алматы» ЖШС бас директоры Нұржан Қожамұратов.

«Бұл өте қажетті өндіріс орны. Қазіргі уақытта өсімдік майы үшін Қытай Халық Республикасының жаңа нарығы ашылуда. Сондықтан келешегі өте зор», - деп атап өткен Елбасы кәсіпорынның ашылуымен құттықтау өндірісті бастауға рұқсат берді.

Айта кетейік, «Эфко Алматы» ЖШС май өнімдерін шығару кешені Индустрияландыру картасы аясында қайта құрылып, жаңғыртылды. Мұнда арнайы мақсаттағы майлар өндірісі және май сығымдайтын қондырғы іске қосылды. Соя өңдеу, өсімдік майын ыдысқа құю желісі ашылды. Халықаралық талапқа сай май өнімдері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады. Әрі Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Осылайша республикада май өнімдерінің толық кластері қалыптасады

.

                                                                                                                                  http://inform.kz/

01.07.2016