Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

01.05.2018

Шаһар басшысы алматылықтары 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күнімен құттықтады


Мерекелік серуен Республика Сарайы алдында және қайта жаңарған Панфилов пен Жібек жолы көшелері бойында өтуде. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары үшін қазақ эстрадасының жұлдыздары мен мегаполистің этномәдени бірлестіктері ұжымдарының қатысуымен мазмұнды музыкалық бағдарлама дайындалған.

           
 Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының сындарлы саясаты арқасында әлемде мойындалған бейбітшілік пен келісімнің моделі жасалғанын,оның негізгі консолидациясы азаматтық қағида екенін атап өтті. Кезінде Елбасының бастамасы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы «бейбітшілік пен келісімнің шынайы шырағына» айналды. «Қазақстан халқының бірлігі күні Ұлы даланың көп ғасырлық дәстүрлі рухы - ашықтықты, мейірімді, толеранттылықты, қонақжайлылықты паш етеді. Осынау дәстүрлер ғасырлар бойына біздің мегаполистің қайталанбас рухын қалыптастырды, айрықша сипатқа бөледі. Міне, мың жылдан бері Алматы түрлі мәдениеттің, діннің, тілдің өзара үндескен қасиетті мекеніне айналды. Сондықтан Алматыны мың бояулы қала деп текке айтпаса керек. Түрлі ұлт пен дін өкілдерінен құралған алматылықтар бүгінгі күні бірге өмір сүруде, еңбек етуде және әр мерекені бірге атап өтуде. Біз осынау баға жетпес байлықты сақтауға және одан әрі дамытуға тиіспіз», - деді Бауыржан Байбек.

 

01.05.2018