Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

01.03.2019

Алматыда тегін мұз айдындары жабылады


Алматыда қыс басталғалы бері 6 тегін мұз айдыны жұмыс істеген болатын.
Қаланың әр ауданында әкімдіктің бастамасымен ашылған спорт алаңдары осымен екінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді.
   

«Мұз айдындары Орталық мәдениет және спорт саябағында, «Атакент» көрме орталығында,  Құрманғазы (Байсейітова мен Панфилов қиылысында), «Mart Village» сауда үйі аумағында, Тұңғыш Президент саябағында, «Сайран» автовокзалының маңында орналасқан», - деді жобаның жауапты тұлғасы Әнуар Өсеров.
 
   

2-3 наурыз аралығында мұз айдындары ресми түрде жабылады. Жабылу салтанатында шоу бағдарлама ұйымдастырылады. «2 наурызда 12:00-18:00 аралығында «Атакент» маңында масленица мейрамы аталып өтіледі. Бұл жерде аниматорлар көңіл көтеріп, түрлі ойындар болады. 3 наурызда 11:00-15:00 «Mart Village» аумағында балаларға арналған көңілді конкурстар өтеді», - деді Әнуар Өсеров.

Айта кету керек, Алматыда мұз айдындары тәулік бойы ашық. Техникалық үзілістер болып тұрады. Коньки прокаты екі сағатқа 700 теңгеден.

01.03.2019