Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Білім беру БІЛІМ БЕРУ



«Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!»


Бостандық ауданының әкімі Б.Н. Торғаев бекіткен  01.08.2017 жылғы №13 хаттамаға сәйкес төмендегіні мәлімдеймін:

         14 т.

·        Жазғы каникул кезінде ауданның 29 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді, 5 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. 26 мектепте кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы аяқталды, ал 2 мектепте құрылыс жұмысы жүріп жатыр.

·        Жылыту маусымына дайын актісін 26 мектеп пен 22 балабақша алды, алмағандар:

1. №38 гимназия (жылу бойынша қарыздары болған, бүгінгі күні қарыз өтелді, акт 10.08.2017ж. күні алынады)

2. №69 мектеп ТП пайдалануға беру  құжаттарының болмауына байланысты;

3. №88 мектеп жылу трассасының жарылып кетуіне байланысты; 

4. №142 балабақшасын  "АйАлстрой" ЖШС мердігері "Алматы жылу желілері" ЖШС-не  жылу желісін тапсырмағандықтан;

5. 4 мектеп пен 5 балабақша күрделі жөндеу жұмысына байланысты жабылған.

 

·         Бостандық ауданында бүгінгі таңда  5 балабақша  мен 4 мектеп күрделі жөндеуден өтуде.

 

Атауы

Құрылыс салушының жоспары бойынша тапсыру мерзімі

Пайдалануға берілетін жоспар мерзімі

Құрылыс салушының атауы

1

№68санаториялық бөбекжай-балабақшасы

1 қыркүйек

қыркүйек

«АлматыКұрылыс» ЖШС

2

№69 бөбекжай-балабақшасы

15-20 шілде 

1 қыркүйек

«Global Construction.KZ» ЖШС

3

№77 бөбекжай-балабақшасы

25 тамыз

15 -30 қыркүйек

«МВМ Construction» ЖШС

4

№80 бөбекжай-балабақшасы

1 тамыз

15 -30 қыркүйек

«Высотник» ЖШС

5

№82 бөбекжай-балабақшасы

1 қараша

қыркүйек

«Универсал-Б»  ЖШС

 

№68балабақшадағимараттың шатыры,қабырғалары, ғимаратқа қосымша құрылыс салу бойынша жалпы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру әлі басталған жоқ. Құрылыс салушылары объектіні кестеге сәйкес қыркүйек айында тапсырамыз деп жоспарлап отыр (құрылыс салушыларының кепілі).

№69 балабақшаны ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне тапсырады. Бүгінгі таңдаәрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жүргізілуде.

№77балабақшаны –объект төлқұжатына сәйкес 25 тамызда тапсырады (құрылыс салушыларының кепілі). Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жүргізілуде. Спорттық және велосипедтік  алаң аяқталған, МАФ  орнатылды.

№80 балабақша – Әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жүргізілуде.

№82 балабақшаны- объект төлқұжатына сәйкес тапсыру мерзімі қараша айында болса да  қыркүйекте тапсырылады  (құрылыс салушыларының кепілі). Әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру басталды. МАФ әлі орнатылмады.

 

Атауы

Құрылыс салушының жоспары бойынша тапсыру мерзімі

Пайдалануға берілетін жоспар мерзімі

Құрылыс салушының атауы

1

№94 мектеп- гимназиясы

2017 қараша

2017 қараша

"Г.С.Г. Высотник" ЖШС

2

№21 гимназия

2017 қараша

2017 қараша

"Риголит" ЖШС

3

№10 жалпы білім беретін мектеп

30.08.2017

30.08.2017

  "УНИВЕРСАЛ -Б" ЖШС

4

№63 жалпы білім беретін мектеп

30.08.2017

30.08.2017

""Риголит"  ЖШС

 

№94 мектеп-гимназиясы – бөлшектеу бойынша жұмыстар аяқталды, шатыр және сейсмикалық күшейту жөніндегі жұмыстары басталды.

№21 гимназия – сейсмикалық күшейту жөніндегі жұмыстары аяқталды, стадион бойынша жұмыстары басталды, жертөледе құбырлар жүргізілуде.

№10 жалпы білім беретін мектеп– сейсмикалық күшейту жөніндегі жұмыстары аяқталды,  шатыр және ішкі әрлеу жұмыстары басталды.

№63 жалпы білім беретін мектеп– жұмыстың 95%-ы аяқталды, пайдалануға берілуге дайын, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

·     Мемлекет Басшысының мектеп оқушыларының сабаққа толық баруын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауда оныншы жыл республикалық "Мектепке жол" акциясы (бұдан әрі – Акция) өткізілуде.  Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі №3-183/2439–и хатын орындауда 2017 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында Бостандық ауданының барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен Акция өтуде.

 

Акция аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға оқу жылына даярлау барысында қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке мектепке балалардың келмеу жағдайларын болдырмаудың алдын алуға бағытталған.

            Акция барысында білім беру ұйымдарында мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту  және аз қамтылған әлсіз санаттағы балаларға: жағдайы төмен,  көп балалы, жайсыз, толық емес отбасы, ерекше көмекті қажетсінетін, жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға, «қатерлі топтағы», девиантты мінезді балаларға және т.б. әлеуметтік қолдау көрсету  бойынша іс-шаралар өткізіледі.

         Акция барысында кәмелетке толмағандар мен жастар құқықтарын қорғау жөніндегі Мобильді Ведомствоаралық жұмыс тобымен бірлесіп аулаларды, оның ішінде: жайсыз отбасын, базарларды, үй жертөлелерін, автожуу, жанаржағармай станцияларын, теміржол бекеті және автобекеттерін, көңіл көтеретін орындарды, компьютерлік салондарды  тексеріп жүріп өту жүргізілуде, мектеппен қамтылмағандар анықталған жоқ.

         Акция барысында балаларға «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» есебінен материалдық көмек көрсету, сондай-ақ бюджет қаражатынан тыс  материалдық көмек көрсету жоспарлануда.

 

 

 

Бостандық АББ басшысы                                        Қ. Жұманов