Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Экономика ЭКОНОМИКА



Алматы қ. Бостанлық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің 2018 жылдық есебі


Салық

Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке 2018 жылдың қорытындысы бойынша 388,1 млрд. тг түсті.(2017 ж- 353,5 млрд. тг) көрсеткіш бойынша болжамның орындалуы 106%, оның ішінде РБ бойынша 269,5 млрд. тг -108,0% (2017ж -240.5 млрд тг), ЖБ бойынша 118,6 млрд тг-102%. (2017ж –113.0 млрд тг).

 Өнеркәсіп

Ауданда 5 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары белсенді жұмыс атқарады.

Өндіріс көлемінің өсуі келесі өндіріс орындарымен көрсетіледі: «Конкрит Продактс» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Беккер и К» ЖШС, «Алматы Су» МКМ, «Raimbek Bottlers» ЖШС.

2018 жылы ауданда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 74,4 млрд.теңгені құрады және өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 105,3% (2017ж -80,6 млрд тг).

«Алматының индустриализациялық картасы» бағдарламасы аясында 2,5 млрд.тенгеге 4 жоба мақұлданып, 198 жаңа жұмыс орны құрылды. («Мембранные технологии» ЖШС; «ЭЛЕКО» ЖШС; «Сервис Безопасности» ЖШС; «Техноконт» ЖШС).

Кәсіпкерлік

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айындааралығында тауар айналымы-415,4 млрд. (95%) теңгені құрады, оның жеке кәсіпкерлер мен сауда орындарына тиесілі үлестік салмағы 27,9%(2017ж – 408,2 млрд.тг.).

Көтерме сауда айналымы 2018 жылы 1 866,3 млрд.тг. құрады (2017ж. – 1 815,2млрд.тг.)

Бостандық ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 28 479 құрады, олардың ішінде 15 288 белсенді жұмыс істеп тұр.

Инвестиция

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға инвестициялар тарту көлемі 185,2 млрд. теңгені құрады немесе бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 110%. (2017 ж. –157,5 млрд тг). Қала бойынша жиналған жалпы инвестиция көлемінің 25,3% үлесі ауданға тиесілі.

Инвестицияның негізгі үлесін ғимараттар мен нысандардағы құрылыс және жөндеу жұмыстары құрайды – 108,7 млрд.теңге немесе жалпы сомманың 58,4%.

Инвестицияның басым көздері кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаттары болып саналады – 140,0 млрд. теңге, жалпы сомманың 75,6%үлесін құрайды.

Көлік

Ауданның қоғамдық көлік аялдамалары ескірген нұсқадан жаңа заманауи келбетке ауыстырылды. 2017 жылы 119 жаңа үлгідегі қоғамдық көлік аялдамалары орнатылса, оның 50 жергілікті бюджет есебінен, 69 аялдама жеке инвесторлардың қаржысына орнатылды. Бүгінгі таңда аудан аумағында барлығы жаңа заманауи форматтағы 284 бірлік аялдама кешені орнатылды.

2018 жылы ауданда 12 заманауи I, III типті үлгідегі қосалқы аялдама құрылымдары орнатылды.

Аудан тұрғындарының көптеген сұраныстары бойынша 2018 жылдың басында №77, №98 бағыты қалпына келтіріледі.

Сондай ақ Нурлы тау ықшам ауданында №116 бағыт іске қосылды.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша (2018 жылға жоспар -3300)

2018 жылдың 12 айында 4586 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

-  сауда –152

-  өнеркәсіп-129

-  білім -133

-  көлік және байланыс -41

-  денсаулық-254

-  басқалары -3877

Жылдық жоспар 139,0 % орынданды. (2017 ж. – 4004 жаңа жұмыс орны.).

Инфляциялық шаралар

Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі күнделікті жұмыс негізіндне сауда нысандары әкiмшiлігімен әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасының негізсіз өсізіне байланысты күнделікті   мониторинг жүргізеді.

Бостандық ауданы әкімі аппараты Алматы облысы Іле ауданының өкілдерімен бірлесе отырып, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуде.

Ауданда ЖШС «Алматы Азық» 9 әлеуметтік павилиондары орнатылған.

Қосымша «Magnum Cash&Сarry» көтерме сауда және «Арзан» әлеуметтік көтерме маркетті жұмыс істейді.

Сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларына, күнделікті мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларың көтермеу мақсатында сауда нысандарымен 253 Меморандумға қол қойылды.

 Есепті кезеңде кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің, Ішкі істер басқармасының және Бостандық ауданы полициясының қоғамдық көмекшілері қызметкерлерімен құрылған жұмыс тобымен жергілікті атқарушы органдармен белгіленбеген жерлерде сауданы жою жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» туралы 204 бабына сәйкес заңсыз сауда орындарын жою бойынша 1160 хаттама толтырылды, оның ішінде 1041 ескерту жасалып, 1 082 210 теңгеге 119 айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап заңсыз жерде орналасқан ұсақ дүңгіршіктердің өз иелерінің күшімен 284 нысан жойылды Тимирязев – Әуэзов, Жандосов-Айманов, Мустафин көшесі Біржан көшесін бұрышы, Розыбакиев көшесі Сатбаев көшесін бұрышы көшелерінде заңсыз сауданы жою бойынша 282 рейд жүргізілді.

           

                      2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

 

Өнеркәсіп

 

·  Өндірісті дамыту мен кеңейтуде, жаңа жұмыс орындарын құруда өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау;

·  Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірісін экспортқа шығару үшін құруға және дамытуға мақсат ету;

 

Кәсіпкерлік

·  4000 жаңа жұмыс орнын құру.

·  Аудандағы бағаны тұрақтандыру: ірі супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізу; ауылшаруашылық жәрмеңкелерін және «Алматы» ӘКК павильондары мен сауда шатырларының қызметтерін ұйымдастыру және өткізу;

·  Аудандағы бағаға мониторинг жүргізу және инфляциялық үрдістерді ұстап отыру бойынша жұмыс тобының қызметін жандандыру;

·  Кәсіпкерлік және өнеркәсіп кәсіпорындарын «Бизнесің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек», «Кәсіпкерлерді қолдау картасы – 2015-2019жж»   бағдарламасын жүзеге асыруға тарту (семинарлар, дөңгелек үстелдер).

 

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті

дамыту бөлімі басшысы                                                                                       М. Кыдыров