Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Экономика ЭКОНОМИКА



Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті қолдау бөлімінің 2018 жылдың 1 - жарты жылдығына атқарылған жұмыстар туралы есебі


Салық

Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке 2018 жыл 6 ай қорытындысы бойынша 191,8 млрд. тг түсті (2017 ж. – 183,4 млрд тг) көрсеткіші бойынша болжамның орындалуы 49,0% Республикалық бюджетке 131,5 млн тг - 48,0% (2017ж. – 127,2 млрд тг.), Жергілікті бюджетке 60,4 млрд тг - 52,0%. (2017ж. -56,2млрд.тг).

Өнеркәсіп

Ауданда 2018 жылдың 6 айында 40,3 млрд.теңге мөлшерінде өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 105,8 % құрады. (2017 ж. – 45,4 млрд. тг.)

Өндіріс көлемінің өсуі келесі өндіріс орындарында байқалады «Конкрит Продактс» ЖШС, АҚ «Алатау Жарық Компаниясы», ЖШС «Беккер и К», МКМ «Алматы Су», «Raimbek Bottlers» ЖШС.

Аудынның қала көлеміндегі өнеркәсіп өндірісі көлемінің үлесі 10,6%. «Алматының индустриализациялық картасы» бағдарламасы аясында 2,5 млрд.тенге 4 жоба көлемінде мақұлданып 198 жаңа жұмыс орны құрылды («Мембранные технологии» ЖШС; «ЭЛЕКО» ЖШС; «Сервис Безопасности» ЖШС; «Техноконт» ЖШС).

Кәсіпкерлік

2018 жылдың 6 айы аралығында тауар айналымы-178,7 млрд. (87,5%) теңгені құрады, оның жеке кәсіпкерлер мен сауда орындарына тиесілі үлестік салмағы 29,0%(2017ж. – 190,1 млрд.тг.).

Көтерме сауда айналымы 919,2 млрд.тг. құрайды (2017ж. –731,7 млрд.тг.)

Бостандық ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 27 541 құрады, олардың ішінде 17 783 белсенді жұмыс істеп тұр.

Инвестиция

2018 жылдың 6 айында негізгі капиталға инвестициялар тарту көлемі 68,7 млрд. теңге құрады, немесе бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 97,4%. (2017 жылы 68,8 млрд тг). Қала бойынша жиналған жалпы инвестиция көлемінің 23,2% үлесі ауданға тиесілі (Алматы қаласы бойынша 296,4 млрд.тг).

Инвестицияның басым бөлігі

- жұмыс жүргізушілердің өз қаржаты есебінен – 56,6 млрд. тг, жалпы сомманың – 82,4% тиесілі

Инвестицияның басым бөлігі 38,3 млрд. тг. – құрылыс және ғимараттардың күрделі жөндеуге салынған.

Көлік

Ауданның қоғамдық көлік аялдамалары ескірген нұсқадан жаңа заманауи келбетке ауыстырылды. 2017 жылы 119 жаңа үлгідегі қоғамдық көлік аялдамалары орнатылса, оның 50 жергілікті бюджет есебінен, 69 аялдама жеке инвесторлардың қаржысына орнатылды. Бүгінгі таңда аудан аумағында барлығы жаңа заманауи форматтағы 266 бірлік аялдама кешені орнатылды.

2018 жылда ауданда жаңа нұсқадағы қосымша аялдамалар орнату жоспарлануда.

Аудан тұрғындарының көптеген сұраныстар бойынша 2018 жылдың басында №77, №98 бағыты қалпына келтіріледі.

Сондай ақ №19 бағыт (Қазақфильм ықшам ауданынан Атлет қалашығына дейін) іске қосылды.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша (2018 жылға жоспар -3300)

2018 жылдың 6 айында 2055 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

-    сауда –42

-   өнеркәсіп-125

-   білім -46

-   көлік және байланыс -25

-   құрлыс-0

-   денсаулық-241

-    басқалары -1546

Жылдық жоспар 62,3,0 % орынданды. (2017 ж. – 1573 жаңа жұмыс орны.).

Инфляциялық шаралар

Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі күнделікті жұмыс негізіндне сауда нысандары әкiмшiлігімен әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасының негізсіз өсізіне байланысты күнделікті мониторинг жүргізеді.

Бостандық ауданы әкімі аппараты Алматы облысы Іле ауданының өкілдерімен бірлесе отырып, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуде.

Ауданда ЖШС «Алматы Азық» 9 әлеуметтік павилиондары орнатылған.

Сонымен қатар жеміс көкөністерді саудалайтын 1 шатыр орнатылған.

Қосымша «Magnum Cash&Сarry» көтерме сауда және «Арзан» әлеуметтік көтерме маркетті жұмыс істейді.

 Сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларына, күнделікті мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларың көтермеу мақсатында сауда нысандарымен 253 Меморандумға қол қойылды.

  Есепті кезеңде кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің, Ішкі істер басқармасының және Бостандық ауданы полициясының қоғамдық көмекшілері қызметкерлерімен құрылған жұмыс тобымен жергілікті атқарушы органдармен белгіленбеген жерлерде сауданы жою жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» туралы 204 бабына сәйкес заңсыз сауда орындарын жою бойынша 737 хаттама толтырылды, оның ішінде 693 ескерту жасалып, 529 050 теңгеге 44 айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап заңсыз жерде орналасқан ұсақ дүңгіршіктердің өз иелерінің күшімен 112 нысан жойылды Тимирязев – Әуэзов, Жандосов-Айманов, Мустафин көшесі Біржан көшесін бұрышы, Розыбакиев көшесі Сатбаев көшесін бұрышы көшелерінде заңсыз сауданы жою бойынша 132 рейд жүргізілді.

 

2018 ж. III ТОҚСАНЫНА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

 

·  Өндірісті дамыту мен кеңейтуде және жаңа жұмыс орындарын құруда өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау;

·  Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірісін экспортқа шығару үшін құруға және дамытуға мақсат ету;

· 3300 жаңа жұмыс орнын ашу.

· Аудандағы бағаны тұрақтандыру: ірі супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізу; ауылшаруашылық жәрмеңкелерін және «Алматы» ӘКК павильондары мен сауда шатырларының қызметтерін ұйымдастыру және өткізу;

·  Аудандағы бағаға мониторинг жүргізу және инфляциялық үрдістерді ұстап отыру бойынша жұмыс тобының қызметін жандандыру;

· Кәсіпкерлік және өнеркәсіп кәсіпорындарын «Бизнесің жол картасы – 2020», «Кәсіпкерлерді қолдау картасы – 2015-2019жж» бағдарламасын жүзеге асыруға тарту (семинарлар, дөңгелек үстелдер).

 

 

 

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті

дамыту бөлімі басшысы                                                                                        М. Кыдыров