Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Экономика ЭКОНОМИКА



Лицензиялау


 

  Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Этил спирті және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылдың 16 шілдесіндегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылдың 17 сәуірдегі N 2200Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысымен бекітілген "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібіне" сәйкес әзірленген.
      2. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында өндірілетін және сырттан әкелінетін алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасайтын, меншік түріне қарамастан, Ақтөбе қаласының аумағындағы барлық шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалар үшін осы қағиданы орындауға міндетті.
      3. Бөлшек сауда жасау алкоголь өнімін (сырадан басқа) сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ стационарлық үй-жайлардың жанындағы жазғы алаңшаларда және фискальдық жады бар бақылау-касса аппаратымен жарақталған стационарлық үй-жайларда немесе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін алкоголь өнімін сату болып табылады.
      4. Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға лицензияны атқарушы орган береді.
      5. Лицензия ажыратылмайтын, демек лицензиаттың басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруіне болмайтын құжат.
      6. Лицензияның формасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Лицензия бланктері қатаң есептік құжат болып табылады.
      7. Лицензиялық алымның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Лицензияны берудің тәртібі

      8. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
      3) жеке кәсіпкерлік қызмет туралы куәліктің көшірмесі;
      4) құрылтайшы құжаттар көшірмелері (әкімнің өкімі, техпаспорт көшірмесі, жалдау келісім-шарты);
      5) бақылау касса аппаратының тіркеу карточкасының көшірмесі;
      6) қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидқадағалау басқармасының қорытындысы (N 4, 5 қосымшалар);
      7) жеке үйлерде орналасқан сауда павильондары мен сауда кәсіпорындары үшін қалалық сәулет бөлімінен анықтама (N 6 қосымша);
      8) өртке қарсы нормаларға сауда нысандарының сәйкестігі жөніндегі қалалық өрт қызметінің анықтамасы (N 7 қосымша);
      9) сауда нысаны мен оқу орны және мектепке дейінгі мекеме арасындағы ара қашықтық жөніндегі қалалық сәулет бөлімінен анықтама (N 8 қосымша);
      10) қызметкердің кәсіби деңгейін куәландыратын құжаттар;
      11) лицензиялық алым төлемін дәлелдейтін құжат.
      Осы тармақтың 6, 8, 10 тармақшасында көрсетілген құжаттар мерзімі олар берілген күннен бастап үш айдан аспауы керек. Егер лицензияланған қызмет бірнеше аумақтық бөлек нысандарда іске асырылатын болса, онда өтініш иесі әрбір нысанға қажетті құжаттардың барлығын тапсырады.
      Осы тармақта қаралмаған құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Лицензиялауға ұсынылған құжаттар көшірмелері заңмен қаралған тәртіпте куәландырады.
      9. Алкоголь өнімдерін сақтауға құқық беретін лицензия алу үшін ұсынылған қажетті барлық құжаттар тізім (N 1 қосымша) бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжатты қабылдау мерзімі жөнінде белгі қойылып, өтініш иесіне қайтарылады және лицензиялаушы органның тексеруіне жатады.
      10. Құжаттар қабылданған соң (N 2 қосымша) лицензиялаушы нысанды тексеру жүргізіледі. Тексеруді лицензиялаушы орган мамандары жүргізеді.
      Жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатуды іске асыру үшін өтініш иесінің жағдайларының бар немесе жоқ екені жөнінде акт жасалады (N 3 қосымша).
      11. Лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту жөніндегі шешімді дербес құрамы қала әкімінің өкімімен бекітілген комиссия қабылдайды, комиссияның отырысы хаттамамен рәсімделеді.
      12. Заңды тұлғалар үшін лицензия өтінішті барлық қажетті құжаттармен бірге берген күннен бастап бір айлық мерзімнен, ал жеке тұлғалар үшін 10 күннен кешіктірілмей беріледі. Лицензияны беруден бас тартылған кезінде өтініш берушіге лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдерде, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Лицензияны беруден бас тарту - өтініш берушіге қол қойдырылып табыс етіледі немесе поштамен жіберіледі.
      13. Лицензия бір данада беріледі, жоғалған кезде жаңғыртылмайды, екінші дана ("дубликат") деген белгімен бұрын ұсынылған құжаттар негізінде жаңадан беріледі. Лицензияның екінші данасы (дубликаты) 10 күннің ішінде жазбаша өтініші негізінде беріледі. Төлем лицензия берілген кезде лицензиялық алым ставкасының 100 пайыз мөлшерінде жүргізіледі.
      Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні өзгерген жағдайда ол туралы 15 күн мерзім ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
      Қайта құру жағдайында жеке тұлға лицензиясын қайта рәсімдеуді жүргізеді, ол үшін лицензиат 15 күн мерзім ішінде лицензиялаушы органға арыз беруге міндетті. Лицензияны қайта рәсімдеу оны алу үшін белгіленген тәртіпте және мерзімде іске асырылады. Лицензияны қайта рәсімдеу кезіндегі төлем лицензияны алардағы лицензиялық алым ставкасының 10%-ін құрайды.
      Лицензияны қайта рәсімдегенге дейін лицензиат қызметті бұрын берілген лицензия негізінде іске асырады.
      14. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкілеттік берген адам қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.
      15. Қосымша аумақтық бөлек нысандарға лицензиаттың арызы бойынша 2, 3-тармақшаларды қоспағанда 8-тармақта көзделген барлық құжаттарды ұсынған кезде, лицензияға қосымшалар беріледі.
      16. Алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатумен айналысу құқығына лицензия қызметтің осы түріне арналған талаптарға біліктілік деңгейі сәйкес келетін субъектіге беріледі.
      17. Лицензиялаушы орган берілген, тоқтатылған және күші жойылған лицензиялар мен олардың қосымшаларын тіркейді және жеке сұрау салу бойынша немесе белгіленген есеп беру бойынша бақылаушы және қадағалаушы органдарға лицензиаттар жөнінде мәліметтер жолдайды.

  3. Біліктілік талаптары

      18. Алкоголь (сырадан басқа) өнімдерімен сауда жасауға лицензия алу үшін өтініш берушіде мыналар болуы тиіс:
      1) орнынан қозғау тірек құрастырмаларына зиянын тигізбеуі мүмкін емес, іргетасы бар, сумен, энергиямен, канализациямен, өртке қарсы қондырғылармен жабдықталған стационарлық үй-жайлардың, яғни күрделі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөліктері.
      Күрделі ғимаратта мынадай бөлмелер кешені болуы тиіс:
      сауда бөлмесі тауарлардың жұмыс және көрмелік қорлары орналасатын, сондай-ақ сатып алушылар тауарлар іріктеуді, есеп айырысу операцияларын іске асыратын сауда залы. Сауда залдарына мейрамханалар, кафелер, барларға келушілерге қызмет көрсететін залдар жатады;
      тауарларды қабылдау, сатуға дайындау және сақтау бөлмесі;
      қосалқы бөлмелер (ыдыс сақтауға, ыдыс-аяқ қабылдауға арналған бөлмелер);
      әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер;
      2) фискальды жады бар бақылау-кассалық аппараты;
      3) субъектілер қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және техникалық құжаттамалар (санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен тәртіптері);
      4) сауда залы мен қойма бөлмелері үшін құрал-жабдықтар витриналар, сөрелер;
      5) алкоголь өнімдерін сақтау жағдайлары стандарттар талаптарына сәйкес келуі тиіс (ылғалды-температуралық тәртіп, тауарлар қатарластығы).
      Сақтау жағдайы алкоголь өнімдерінің сапасын нашарлатпауы тиіс.

  4. Лицензияны беруден бас тарту, қолдануын тоқтату, оны қайтып алу және тоқтата тұру

      19. Лицензия келесі жағдайда берілмейді:
      1) лицензия алу үшін талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаса. Өтініш берушімен көрсетілген барлық кемшіліктер жойылған жағдайда өтініш жалпы негізде қаралады;
        2) өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермесе;
      3) өтініш иесіне қатысты осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын соттың шешімі болса;
      4) лицензиялық алым төленбесе.
      20. Мынадай себептер бойынша лицензия беруден бас тартуға тыйым салынады:
      1) лицензияланатын қызмет түрін іске асыру құқығын өтініш иесіне берудің орынсыздығы;
      2) базардың алкоголь өнімдеріне толып тұруы;
      3) базарда монопольдық жағдайды қамтамасыз ету;
    4) өтініш берушінің жеке басының қасиеттері мен іскерлік репутациясына, оның ішінде бұрын сотталғандығы, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге бұрынғы тыйым салулар, алдыңғы лицензияны қайтып алу себептері бойынша күдіктер, егер мұндай тыйым салулар мен қайтып алулар белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес қолданылуын тоқтатқан деп есептелсе.
      21. Лицензия лицензиялау туралы заңнамамен бекітілген мына жағдайларда өз әрекетін тоқтатады:
      1) лицензияны кейін қайтып алғанда;
      2) кәсіпкерлік қызметі тоқтағанда.
      22. Лицензияның қолданылуы тоқтатылуына байланысты дауларды сот шешеді.
      23. Лицензия келесі жағдайда сот тәртібімен қайтып алынуы мүмкін:
      1) лицензиар лицензия қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайда;
      2) сот лицензиарға алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатумен айналысуға тыйым салса;
      3) заң талаптарын немесе лицензиялау ережелерін бұзған жағдайда;
     4) алкоголь өнімдерін лицензияда көрсетілген мекен-жайда емес, басқа жерде бөлшектеп сату фактісі анықталса.
   5) алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатуды көтермелеп сатылатын алаңда ұйымдастыру фактісі анықталса.
      24. Заңды немесе лицензиялау тәртібін бұзу лицензиар жүргізетін тексерулер жолымен анықталады. Тексерулер қала әкімінің орынбасары бекіткен «Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында лицензиялау тәртібімен алкоголь өнімдерін бөлшектеп сату тәртібінің сақталуына тексеру жүргізу тәртібі туралы нұсқауларға» сәйкес жүргізіледі.
      25. Лицензиар мына жағдайларда тоқтату себебін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқылы:
      1) заңды және лицензиялау тәртібін бұзғанда;
      2) алкоголь өнімдерін бөлшектеп сату ережелерін бұзғанда;
      3) лицензиар өз құзыры шегінде талаптарды орындамағанда;
      4) мәліметтерді лицензиарға беруден бас тартқанда немесе жалған ақпарат бергенде;
      5) алкоголь өнімдері айналымының алғашқы есепке алынбауы;
      6) сатуда шығу тегі белгісіз алкоголь өнімі анықталғанда;
    7) бөлшек  саудамен  айналысатын субъектілер алкоголь өнімін  көтерме сатуға және сақтауға лицензиясы жоқ шаруашылық субъектілерден алкоголь өнімін сатып алғанда.
   26. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарау лицензиаттың қатысуымен тексерулердің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
      27. Лицензиат қолы қойдырылып немесе пошта арқылы мәлімделіп (құлақтандырылып) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарайтын күні және орны туралы хабарландырылады.
     28. Лицензиат келмеген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
      29. Лицензиардың лицензияны қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімі лицензиатқа қолы қойдырылып, тапсырылады не поштамен (құлақтандыру) жіберіледі.
      30. Қолданылуы тоқтатыла тұрған уақытта лицензияны лицензиар алып қойып, өзінде сақтайды.
    31. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерін лицензиат жойған соң лицензия қолданылуы жалғастырылады, бұл туралы лицензиатқа жазбаша түрде қолы қойдырылып не пошта арқылы хабарламамен (құлақтандырылу) мәлімделеді, лицензиатқа лицензия қайтарылады.
         32. Лицензия әрекеті алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады.
      33. Лицензияның қолданылуын қайта іске қосу туралы шешімді лицензиар жүргізілген тексеруден соң қабылдайды.

  5. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметті бақылау

      34. Лицензияларды есепке алу мен лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
          35. Тексерулерді жүргізудің және олардың нәтижелерін рәсімдеудің тәртібін лицензиар белгілейді.

  6. Лицензиаттың құқықтары мен міндеттері

         36. Лицензиат құқылы:
      1) лицензияны тоқтата тұру, тоқтату немесе қайтып алу мәселелері бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар осы материалдарды қараған кезінде қатысуға;
          2) лицензия беруден бас тарту туралы шешімге;
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағымдануға;
          3) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
      37. Лицензиат міндетті:
     1) санитарлық, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және заңнаманың басқа талаптарын сақтауға;
            2) 1 тармақта көрсетілген заң және заңнамалық актілер талаптарын сақтауға;
           3) тиісті мемлекеттік орган тауарларды айналымнан шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, оларды сатуды дереу тоқтатуға.

  7. Лицензиаттың жауапкершілігі

      38. Өтініш беруші лицензия алу үшін өзі ұсынған құжаттардың ақиқаттығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.
      39. Жеке және заңды тұлға алкоголь өнімін бөлшектеп сату қызметін лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен жауап береді.
      Алкоголь өнімдерінің айналымы бойынша қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан тапқан пайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан тыс, тиісті бюджетке алынуға жатады.