Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Экономика ЭКОНОМИКА



Аудан тарихы


Калинин ауданы қала картасында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумы Өкімімен 1966 жылы 31 қаңтарда пайда болған. Аудан қала аймағына іргелес жатқан жері мен Совет ауданының ұлғаюына байланысты құрылған, ал 1995  жылдың 12 желтоқсанында Бостандық ауданы болып өзгертілді. Осы өткен жылдар ішінде аудан Мәскеу және Алатау аудандарының пайда болуына байланысты көптеген өзгерістертен өтті.

Бостандық ауданына -50 жыл. Тарихи өлшем бойынша бұл үлкен мерзім емес, бірақ аудан үшін – бұл қайта құру кезеңін, мемлекеттік құрылымының ауысуы, қиын экономикалық жағдайды және реформалауды бастан өткерген және көпұлтты мелмекетіміздің тәуелсіздікті мойындаған бірнеше ұрпақты айқындайтын өмір.

Аудан құрылған күнен бастап астанамыздың өмірінде ойып орын алған құрылымды куәландыратын ауданға айналды.

60-жылдардың басында өзінің алғашқы павильондарын ҚХЖК - Қазақстан халықының жетістіктері көрмесін ашты. Көктем-1 және Көктем-2 ықшам аудандары бой көтеріп, астанамыздың оңтүстік аймағын реконструкциялау басталды. Бас ботаникалық бақ ғылыми-зерттеу мекемесі дәрежесіне қол жеткізді.

Білім беру негізі болып табылатын мәдени және ғылыми аудан, А.С.Пушкин атындағы ҚР Ұлттық кітапхана, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Қ. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық Университеті ашылды.

Ал 70 жылдары еліміздің алғашқы ірі мұражайларының бірі, шығармашылық құндылықтарды сақтайтын ғана емес, сонымен бірге ғылыми –зерттеу орталығы мен мәдени ағартушылық жұмысы дәрежесіне жеткен А.Кастеев атындағы Қазақ Ұлттық Көркем өнер мұражайы ашылды. Және Алматы Энергетика институты құрылып, сол кездегі Орта Азия елдері ішіндегі ЖОО арасында алғашқы энергетика институты болды. Сонымен қатар астанамыз сыйға Мемлекеттік Орталық циркін алды.

80-жылдары қала шекарасының кеңейуіне байланысты Бірінші май алаңы жаңа шекараға ие болып, еліміздің басты алаңы дәрежесін алды. Тура осында Қазақстан Тәуелсіздігіне күрескен ержүрек батырларымызға арналып Тәуелсіздік монументі салынды. Қазіргі, Республика алаңы жаппай қоғамдық серуендеу, жиындар мен түрлі спорттық , мәдени және патриоттық шаралар өткізу орнына айналды.

90- жылдар бір әлеуметтік-экономикалық кезеңнен екінші кезеңге өту жылдары болды. Өткенге, тек аудан атауы ғана кетіп қоймай, сонымен бірге ауданның формасы мен өнеркәсіп кәсіпорындардың, құрылыс және автокөлік ұйымдары мен білім, денсаулық сақтау, кіші бизнестің жұмыс жасау әдістері де кетті.

Тәуелсіз Мемлекетімізде мемлекеттік емес білім беру мекемелері пайда болды. Олардың ішінде баршаға танымал Н.Ә.Назарбаевтың білім қоры «Мирас» халықаралық мектебі, »Бэст» ЮНЕСКО білімді дамтыу қоры, «Тамос эдъюкейшэн» физико-математикалық мектебі. Қазақстан тұрғындары арасында кеңінен танымал болған «Қайнар» университеті, «Әділет» құқықтану академия Жоғары мектебі, С. Демирель атындағы Қазақ-Түрік Университеті. Бостандық ауданы жастар мекені болып есептеледі, мұнда 71 мыңнан аса студенттер түрлі ЖОО білім алады.

Ауданда адам өмірін сақтап, қорғап қалу бір мақсатпен білікті дәрігерлер еңбек етеді. Аудан және қала өміріне басты назар аударатын №12 Қалалық Орталық Клиникалық аурухана, қалалық балалар жұқпалы аурулар аурханасы, ХОСПИС, урология ғылыми орталығы, Балалар педиатриясы Республикалық институт және тағы басқа медицина мекемелері.

Еліміздің өміріндегі маңызды кезеңнің бірі тәуелсіз және ерікті тілшілерді қалыптастыруда коммерциалық теле- радио каналдарының пайда болуы. Еліміздің жетекші телерадио таратушылар «Хабар» , «Казахстан», «Алматы», КТК «31 канал», «ТАН» ТРК Бостандық ауданында орын тепкен.

Республикамызда алғашқы болып бес жұлдызды қонақ үйлері «Анкара» и «Рахат Паласс» ауданда бой көтеріп , өз қызметін көрсетеді.

Алматы сияқты алпауыт мегаполисте үлкен мағына беретін ырғақты да сапалы жұмыс жасайтын құрылыс ұйымдары. Қаламыздағы жаңа ғимараттарды салу , оның ішінде АДК кешені құрылысын жүргізту эстафетасын еліміздегі жетекші құрылыс компаниясы «Базис- А» қолға алған. Бостандық ауданының құрылыс кешені-қаламыздың құрылыс индустриясының негізі.

Аудандағы ерекше назар пәтер бағасының төмендету және ипотекалық несие мерзімін ұзарту,бастапқы төлем ақы көлемін төмендетулері қарастырылған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша әлеуметтік- қамтылмаған тұрғындарға арналған тұрғын үй құрылысына бөлнеді.

Аудан өзінің тұрғындарын толғандыратын қиын және маңызды сұрақтардың бірі ескі тұрғын үйлерді бұзу міндеттерін белсене шешуде. Біз ауданымыздағы жаңадан бой көтерген ««Нұрлы Тау», «Шахристан», «Айгерім», «Жаңа Ғасыр» «Ботаникалық бақ», «Тау Самал» ықшам аудандарымен мақтан тұтамыз. Себебі бұл кең және сәулетті тұрғын үйлер аудан тұрғындарына арналған.

Соңғы жылдары аудан адам танымастай өзгеруде, оның айғағы ауданда орын алған үлкен сауда-сауықтыру орталықтары «Мега-Алматы», Алмалы», «АДК», «Есентай Молл» және тағы басқалар.Бұл зәулім заманауй орталықтар тек қала үшін емес, еліміз үшін де бірігей. Ауданымыздың экономикалық қозғалысын қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар мен өнеркәсіп секторы алып келеді. «Кастинг», «Беккер және К», «Айгерім», «Логиком» компанияларының өнімдері тек қала тұрғындарымен қоса бүкіл Қазақстанға танымал.

Өмір алға жылжуда, онымен бірге аудан келбетіде өсуде. Ең тиімді салым – ол адамды қалыптастыру дегендей, әр адамның өзінің потенциалын,талантын жүзеге асыра алуға, азаматтық және адами құқығын іске асыруға мүмкіншілігі болу керек. Сондықтан да жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі басты артықшылық аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруіне жағдай жасау.

Қазіргі таңда Бостандық ауданының аумағы 9 мың 943,2 гектарды құрайды (2011 жылы 2 мың 776 болған,Булати көшесінің жоғарғы 720 гектар бөлігі қосылды. 2012 жылы-269,1 гектар:Бағанашыл ықшам ауданы шығысы, Булати көшесінің батысы мен Алматы қаласының оңтүстік шекарасы).

Бүгінгі күнге тұрғындар саны –331,434 адам. Бостандық ауданы аумағына Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылды аумағының 4 елді мекені қосылды. Ол Алатау ауылы, Ерменсай ауылы, Нұрлытау ,Жайлау, Көкшоқы, Алмарасан ауылдары мен Қарғалы ауылының жартысы кірді.

Біз ауданымызды шынайы сүйеміз, оның өткенімен мақтан тұтып, болашағына сенеміз.