Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Экономика ЭКОНОМИКА



«Бизнестің жол картасы 2020» Мемлекеттік бағдарлама


    «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы  Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

 Бағдарламаның мақсаты -  Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

Бағдарлама 3 бағытта жүзеге асады:

Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

- жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

- банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

- өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

- бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;

-  кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі

1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда өтінім берушіге жобаға кредит беруге дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.

3. Өтінім беруші банктің оң шешімімен осы жобаны ӨҮК қарауына шығаратын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.

4. ӨҮК жобаны Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды және субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалар тізбесін субсидиялау шарттарымен бірге тиісті банктерге, сондай-ақ қаржы агентіне жібереді.

6. ӨҮК-де қаралған барлық жобаларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші олар бойынша қабылданған шешімдермен қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

7. Кредиттеу бойынша банктердің және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті субсидиялау шартын жасайды, оның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.

 Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру

  Іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.

Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

- борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;

-  борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;

- қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды:

-  минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;

-  қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар;

-   кредитормен қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын келіспеген кәсіпкерлер.

 Үшінші бағыт: Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

 Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері

Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:

-   тау-кен өнеркәсібі;

-  минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

-  Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредитсомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

-  Субсидиялау мерзімі одан әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 1 жылдан 3 жылға дейінді мерзімді құрайды.

 Бостандық ауданында ағымдағы жылдың басынан бері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының орындалу барысында 4 250,9 млн.тенге қаржы есебінде 18 жоба мақұлданды. Жаңа 261 жұмыс орны ашылды.  «Жібек жолы»  бағдарламасы аясында 18 жоба мақұлданып, 28 жаңа жұмыс орны құрылды.  

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасына қатысушыларды тарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп отыр. Кәсіпкерлікті және өнеркісіпті дамыту бөлімінің қызметкерлерімен ай сайын қатысушылардың мониторнгі жасалып, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында кездесулер, семинарлар өткізіліп тұрады.