Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАР



2018ж 1 жарты жылдығына Бостандық ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының орындалуы бойынша және Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылуы бойынша Бостандық ауданы әкімі аппаратымен бірқатар шаралар атқарылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпарат, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу қажет екендігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынама, құрылымдық бөлімдері бар, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"тақырыптық баннер орналастырылған. Сонымен қатар, барлық бөлімдер бойынша мәліметтер ұдайы жаңартылып тұратындығын жеткіземін.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарды жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұдайы орналастырылады.

Ауданның барлық меншік түріне қарамастан ұйымдары мен мекемелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының және қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөнінде жиындар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, конференциялар, сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюдың ерекше маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2018 жылдың қарсаңында аудан әкімі аппаратының мәжіліс акт залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басқармасының басшысы Е.Т.Ігіліковтың қатысуымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының тармақтарын түсіндіру бойынша жиын-семинары өтті. Жиын-семинардың жұмысына аудан әкімі аппаратының басшылығы мен қызметкерлері, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың өкілдері, ауданның денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің бірінші басшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Баяндамаларда Стратегиямен анықталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары: 1) мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет; 2) қоғамдық бақылау институтын еңгізу; 3) квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет; 4) сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптасыру; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту, болып белгіленді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудағы өзара әрекеттесуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру және мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы азаматтарды үнемі хабардар ету мәселелері талқыланды.

 Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 11 қаңтардан бастап студенттер арасында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының талқылауына арналған апталық семинары өтті. Шара барысында «Жемқорлықпен күрес және Заңның үстемдігі» атты 9-шы міндетке ерекше назар аударылды.

 Ағымдағы жылдың 16 қаңтары мен 03 ақпаны аралығында аудан әкімінің халықпен өткізген жеті есептік кездесуінде сыбайлас жемқорлықтын көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын қалыптастыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар талқыланды.

 25 қаңтарда аудан әкімі аппаратының үлкен акт залында Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау бойынша ауданның активі өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, аудан прокуроры, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, ауданның Ардагер мен зейнеткерлер кеңесінің өкілдері, аудандық қызметтер мен мемлекеттік қызметтердің бірінші басшылары, денсаулық сақтау және білім беру салаларының өкілдері, іскерлік қауымдастықтары, мемлекеттік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпараттардың өкілдері қатысты. Жиында талқыланған сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларды жою болды.

 29 қаңтарда аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Бостандық ауданы әкімі Б.Н. Торғаевтың төрағалығымен 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойылған міндеттерді, оның ішінде 9-шы «Жемқорлықпен күрес және Заңның үстемдігі» атты тарауын талқылау бойынша жиын өтті. Өз сөзінде баяндамашы сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында маңызды сұрақтардың бірі - мемлекеттік органдардың халық және іскерлікпен өзара әрекеттесе отырып, үдерістерді цифровизациялау сұрағы болып табылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқандығын көріп, уақытылы сапалы жауаптар алу керектігін мәлімдеді.

 13 ақпанда Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ғылыми зерттеу техникалық университетінде бір бағыты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Ақпараттық қауіпсіздік коды» тақырыбында конференция өтті.

19 ақпанда Алматы қаласы Бостандық ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында жеке меншіктегі мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары жетекшілерімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылдың 17 тамыздағы № 615 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жаңа санитарлық қағидалармен таныстыру» тақырыбында жиын өтті. Өз сөзінде баяндамашы сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар, маңыздылығы және кәсіпкерлік субъектілердің дамуын ынталандыру мақсатында мемлекетпен кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық және әлеуметтік шарттарды және кепілдіктерді жасау бойынша кешенді шаралар өткізіп жатқандығын айтып өтті.

 28 ақпанда «Тұран» университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басқармасының өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негіздерін түсіндіру бойынша, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өтеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік принциптері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде семинар өтті.

2 наурызда Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде Бостандық аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесіп Президенттің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының міндеттерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті. Сонымен қатар, қоғамда, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылды.

17 наурызда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде құқық бұзушылықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу сұрағы бойынша прокуратура қызметкерлерінің студенттермен кездесуі өтті. Шараның мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру, жастарды белсенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту.

 2 сәуірде Халықаралық ІТ университетінде Елбасының бес институционалды бастамаларын түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттарының оқытушылар және студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және болдырмау сұрақтары талқыланды.

 6 сәуірде әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінде «Сандық құқық: қазақстандық модельдің ерекшілігі және дамудың жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша басымды бағыты болып саналатын әлеуметтік желілер арқылы туындайтын кері әсерден қоғамдық сананы қорғау, превентивті әсер ету мәселелері, жеке мәліметтер мен заңмен қорғалатын өзге құпия ақпараттарды қорғау, сонымен қатар ақпараттық тасымалдауыштарды бұзатын әрекеттерден қорғау өзектілік алу мәселелері талқыланды.

 9 сәуірде Тұңғыш Президент Саябағында «Адал жол» атты сыбайлас жемқорлықпен күрес марафоны өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құрастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды шақыру. Марафон эстафета принципі бойынша өткізілді. Құрамында жастар мен қоғам қайраткерлері бар белсенді топ өкілдері белгіленген бағытпен арнайы автобуста қаланың сегіз ауданын шарлап шықты. Шара барысында флеш-моб, әртүрлі концерттік бағдарламалар өткізілді. «Эстафета шырағы» болып «Адал жол – Честный путь» атты кітабы эстафета жолында аудан - ауданға берілді. Ең соңғы кезенде «Эстафета шырағы» Бостандық ауданына берілді. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Б.Байханова сөз сөйлеп, қоғамды сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрін жою бойынша бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

28-29 сәуірде М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясында «Police Team» пікірталас клубымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына бағытталған «Гражданский мир – ключ к обществу без преступности» атты республикалық пікірталас жарысын өткізді. Шара барысында студенттік-оқытушылық ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтары талқыланды.

23 мамырда Халықаралық ІТ университетінде оқытушылар мен студенттердің SANALY URPAQ Республикалық жобалық офисының басшысы К.А. Токушевпен кездесу өтті. «Саналы ұрпақ» жобасының 2018-2020 жылдарға арналған миссиясы сыбайлас жемқорлықтан бос Қазақстан Республикасы мемлекетінде өмір сүріге шешім қабылдаған патриоттық және бәсекеге қабілеттілігі бар жастарды өсіруге бағытталған. Жобаның мақсаты білім беру арқылы сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабыл алмау ортасын құрастыру.

 25 мамырда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басты бағыттарының бірі болып саналатын сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шаралары бойынша талқылау өтті.

30 мамырда Almau университетінде ІІ Халықаралық «Предпринимательское образование в быстроразвивающихся обществах: трансформация ценностей» атты форум өтті. Форумға 400-ге жуық қатысушылар және әлемнің 12 елінен университеттердің, бизнес-мектептердің директорылары мен декандары, халықаралық баспалардан және әріптес-компаниялардан 85 баяндамашы қатысты. Талқыланған сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлықты жою болды.

 31 мамырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмі мен ресурстары, қазіргі таңдағы технологиялары» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мәселелерін, қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тергеу механизмін, қылмыстық-құқықтық жүйедегі қызметкерлердің құқықтық мәртебесі мен жоғары адамгершілік-этикалық талаптарын талқылау, пенитенциарлық мекемелердің жемқорлықпен күрес барысындағы рөлін талдау. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Алматы қаласы бойынша Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агеттігінің өкілдері, Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару органдарының қызметкерлері, Алматы қаласының құқық қорғау органдарының, адвокаттардың Алматы қалалық алқасының, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері және Қазақстанның белгілі ғалымдары қатысты. Конференция барысында келесі сұрақтар қарастырылды: қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдігін алдын алу туралы; пенитенциарлық мекемедегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдігінің төмендеуі, сонымен бірге қылмыстық-атқару органдары жүйесіндегі қызметкерлерімен қоса сотталғандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы.

2 маусымда Алматы қаласының аудандық сотында М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының 2-ші курс студенттеріне «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, өткізілді. Шараның мақсаты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алу кезінде негізге алынатын факторы болып саналатын сот әділдігінің қолжетімділігін көрсету, сотпен сот ісін жүргізудің ашықтығын және жеделдігін көрсету.

12 маусымда «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысын өткізді. Қоғамдық кеңесінің отырысында Бостандық ауданы Әділет басқармасы мен Бостандық ауданы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің жемқорлыққа қарсы жүргізген жұмыстары қарастырылды. Қарастыру нәтижесі бойынша Қоғамдық кеңесі осы бағытта алдағы уақыттағы жұмыстары жөнінде ұсыныстар берді.

"Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалының ғимаратында өтетін қоғамдық қабылдау жұмысына аудан әкімі мен оның орынбасарлары ұдайы қатысады. Қатысқан тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормалары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттың жүзеге асырылуына ат салысу әр азаматтың міндеті екендігі жайында түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Аудан қызметтерінің өкілдері және аппарат қызметкерлерімен өткізілетін жиындарда мемлекеттік қызметкерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың негативті салдарын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және қолданыстағы заңнамаларда бекітілген нормалар түсіндіріледі.

Бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы жөнінде ақпарат Алматы қаласы Қаржы басқармасы мен Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданылады. Жартыжылдық пен жылдық қорытындылар бойынша бухгалтерлік баланс Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz атты сайтына, ай сайын бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы ақпарат аудан әкімінің интернет-ресурсына орналастырылады.

Аудан әкімі мен әкім орынбасарларының мүліктері және кірістері туралы мәлімет «Өзіңнен баста» акциясының аясында аудан әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының «Жемқорлықпен күрес» тарауында жарияланған.

Аудан әкімі аппаратының ғимаратында және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне шағымдану үшін азаматтардың өтініштері және арыздарына арнайы жәшік орналастырылған. Сонымен қатар, сенім телефондарының іркіліссіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.

Азаматтарды жеке қабылдау бекітіліген кестеге сәйкес өткізіледі: аудан әкімімен - әр дүйсенбіде, аудан әкімі орынбасарларымен апта сайын, ал аппарат басшысы мен бөлім басшыларымен - күн сайын.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, аудан әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып өткен жылдың желтоқсан айында жұмыс жоспарына сәйкес кадрлардың ауысуы және мүдделер қақтығысы орын алуы сұрағы жөнінде талдау жүргізілген. Талдаудың нәтижесі Алматы қаласының әкімдігіне уақытылы жолданған.