Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі , сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының орындалуы бойынша және Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылуы бойынша 2017 жылға арналған іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратымен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


Аталған іс-жоспардың тармақтарын жүзеге асыру барысында, Бостандық ауданында келесідей іс-шаралар өткізілді.

         1 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында (Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынама) құрылымдық бөлімдері бар, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"тақырыптық баннер орналастырылған. Сонымен қатар, барлық бөлімдер бойынша мәліметтер ұдайы жаңартылып тұратындығын жеткіземін.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсында "Алматы аймақтық 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарын" жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұдайы орналастырылады.

16 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша аудан аумағында билбордтар Сәтбаев көшесінде Орталық стадионға қарама-қарсы және Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында, Фурманов пен Сәтбаев көшелерінің, Сейфуллин мен Тимирязев көшелерінің, Розыбакиев пен Кожабеков көшелерінің, Тимирязев пен Жароков көшелерінің, Абай мен Манас көшелерінің қиылысында орналастырылған.

56 тармақ бойынша. Баспа басылымдарында Бостандық ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған авторлық мақалалары жарияланды: «Вечерний Алматы» газетінде 11.04.2017ж. № 41 «Усиление работы по противодействию коррупции является основной задачей» атты мақала, «Алматы ақшамы» газетінде 13.04.2017ж. «Қоғамның араласуын қажет етеді» атты мақала, «Алматы ақшамы» газетінде 20.04.2017ж. «Әр азаматтың абыройлы борышы» атты мақала.

59 тармақ бойынша. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттылған тарату материалдарын алған кезде аудан әкімі аппаратымен оларды медицина мекемелерінде, мемлекеттік органдарда және басқа да әлеуметтік нысандар орналасқан жерлерде ұдайы тарату жұмыстары ұйымдастырылады. 

62 тармақ бойынша. Бостандық ауданы әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде мобильді ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, аудан тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Жыл басынан Бостандық ауданы аумағында ЖООы мен ОАОО-да үш кездесу өтті:

21 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша жастармен жұмыс тобының жиыны өтті.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ЖОО-ң әкімшілігі мен студенттері, барлығы 50 адам қатысты.

Шараның басты мақсаты жастарды барлық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" атмосферасын жасауға тарту.

10 наурызда Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша колледж оқушыларымен жұмыс тобының кезекті жиыны өтті.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, колледж әкімшілігі, барлығы 25 адам қатысты.

Аталған шараның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіруге, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті белгілеу, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы тұруға тәрбиелеу болып табылады.

12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Жастар – жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды» атты бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер форумы өтті. Шараға Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарының жастар өкілдері қатысты. Іс-шара студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, қандай-да бір жемқорлық әрекетіне шыдамсыздық танытып, жастарды жерқорлыққа қарсы қызметке белсенді түрде тартуға бағытталған.

26 сәуірде «Тұран» университетінің конференц-залында тұрғындармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша жұмыс тобының жиыны өтті.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ЖОО-ң әкімшілігі және аудан тұрғындары, барлығы 30 адам қатысты.

Шараның өту барысында шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық саласындағы мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, барлығын осы бағытта белсенді ұстаным ұстауға және тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жоғары деңгейге көтеруіне ат салысуға шақырды.

22 маусымда Сәтбаев пен Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан «LC clinic»медициналық клиникасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент өкілінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-кеңес өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болғызбау жолдары және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттары талқыланды.

12 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, заңгер ғалымдар қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің құқықтық мәселелерін реттеу, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықа жол бермеу сияқты көптеген мәселелер талқыланды.

22 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Азаматтық қабылдау» қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Сот жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сот жүйесінің қызметкерлері мен судьяларға арналған семинар-кеңес өтті. Шара барысында сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және оны болдырмау жолдарын қарастырып, судьяларға қойылатын ерекше мәртебе мен жоғары моральдық-этикалық талаптар мәселелері талқыланды.

27 қыркүйекте № 4 қалалық поликлиникада барлық қызметкерлердің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының нормаларын түсіндіру жөнінде кеңес өтті.

09 қазанда Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсылық тақырыбында университет студенттеріне семинар-кездесу өткізілді.

16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік» тақырыбында университет қызметкерлері мен студенттердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

25 қазанда Алматы құрылыс және халықтық кәсіпкершілік колледжінде ұжымда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру шеңберінде колледж оқушыларына семинар-дәріс өткізілді.

01 қарашада № 4 қалалық поликлиникада барлық денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ашу» тақырыбында семинар-кеңесі өтті.

27 қарашада № 146 мектеп-лицейінде мекеме қызметкерлеріне «Білім беру мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Шара барысында ұжымда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік сұрақтары талқыланды.

69 тармақ бойынша. "Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалының ғимаратында өтетін қоғамдық қабылдау жұмысына аудан әкімі мен оның орынбасарлары ұдайы қатысады. Қатысқан тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормалары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттың жүзеге асырылуына ат салысу әр азаматтың міндеті екендігі жайында түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

88 тармақ бойынша. Бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы жөнінде ақпарат Алматы қаласы Қаржы басқармасы мен Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданылады. Жартыжылдық пен жылдық қорытындылар бойынша бухгалтерлік баланс Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz атты сайтына орналастырылады.

Сонымен қатар, бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы жөнінде ақпарат ай сайын аудан әкімінің интернет-ресурсына орналастырылады.

   89 тармақ бойынша. Аудан әкімі мен әкім орынбасарларының мүліктері және кірістері туралы мәлімет «Өзіңнен баста» акциясының аясында аудан әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының «Жемқорлықпен күрес» тарауында жарияланған.

   91 тармақ бойынша. Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» МК ХҚКОД-ға және электрондық форматқа көшіру, 2017 жылдың соңына дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды жүргізу сұрағы Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бақылауында.

92 тармақ бойынша. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру бойынша есептерін жариялау Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының құзырына кіреді.