Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



"Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратының 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


   

 Ағымдағы жыл басынан аталған іс-жоспарды жүзеге асыру барысында, Бостандық ауданында келесідей іс-шаралар өткізілді.

     1 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсында бастапқы парақшасында (Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынама) құрылымдық бөлімдері бар, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"тақырыптық баннер орналастырылған. Сонымен қатар, барлық бөлімдер бойынша мәліметтер ұдайы жаңартылып тұратындығын жеткіземін.

     Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсында "Алматы аймақтық 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарын" жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұдайы орналастырылады.

    29 тармақ бойынша. Бостандық ауданы әкімінің аппараты және барлық аудан аумағында орналасқан мекемелердің, мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыру барысында, барлық сатып алу және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы өтеді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері электрондық порталда жарияланады.

    Жыл басынан "Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде 53 конкурс өткізді, оның ішінде: ашық конкурс - 24, бағалы ұсыныстарға сұраным - 7, өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу - 22.

     31 тармақ бойынша. Ағымдағы жыл басынан аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір қатар шаралар атқарылды.

    Аудан әкімі халықпен кездесуінде және тұрғындардың қатысуымен өткізілетін жиындарда жемқорлық мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде жемқорлыққа итермелейтін іс-әрекеттер, олардың алдын-алу мәселелері айтылады. Мемлекеттік қызметшілердің арасында құқықтық білімді жүзеге асыру шеңберінде, аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен семинар-оқулары жүргізіледі. Аталған семинарларда жемқорлық әрекеттер орын алған жағдайда онымен күрес, жемқорлық әрекеттерінің төмендеуіне жергілікті органдардың ықпал етуі жөніндегі сұрақтар қарастырылады.

     12 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасы бойынша "100 нақты қадамды" жүзеге асыру мақсатында жиын өтті. Жиын кезінде қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қауыптастыру мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы оқушы жастар арасында түсіндіру жұмысын жүргізуі талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының негіздері жөнінде сөз қозғады.

     14 қаңтарда аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Б.Торғаевтың және Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және кәсіби біліктілігін көтеру орталығы директоры А.Тоқтыбековтың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент өкілінің қатысуымен "Жаңа кәсіби стандарт" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны өткізу барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған заңнамалар туралы айтылды.

     02 ақпанда Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де университет ұжымы мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді. Кездесуде жастарға мемлекеттік қызмет рөлі туралы түсіндірілді. Іс-шара өткізу барысында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі М.А.Анапин сөз сөйледі. Сөз барысында мемлекеттік қызмет рөлінің егжей-тегжейін және жастар үшін "Халыққа қызмет ету - біздің міндетіміз" - мемлекеттік қызметкерлердің ұранының маңыздылығын түсіндірді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін көтерді. Шара университет сайтында орналастырылған.

         16 ақпанда аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің жетекшісі және әкімнің жергілікті өзін-өзі басқару комитеті сұрақтары бойынша координатор-кеңесшісінің қатысуымен Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңес туралы" Заңының бабтарын түсіндіру кеңесі өтті. Шараға аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің өкілі, аудандық ардагерлер және зейнеткерлер кеңесі, бастауыш партия ұйым мүшелері қатысты. Шараға қатысушылар арасында жемқорлыққа қарсы және жемқорлықпен күресу жолдары жөнінде айтылды.

    03 наурызда Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында  профессор-оқытушылар мен студенттерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу шаралары бойынша дәріс өтті. Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет ісері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі А.К.Байузаков қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалардың негізгі ережелерін түсіндірді.

     17 наурызда аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігі және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығы жөнінде сөз қозғалды.

      Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарын бақылаушы мемлекеттік органдардың тарапынан олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің коммерциялық құқықтары мүддесін қорғау жайттарының алдын алу туралы барлық жиындарда ескертіледі.

     Азаматтардың мемлекеттік басқару органдарына сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

     12 сәуірде аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары С.Б. Ағыбаевтың төрағалығымен құқықтық тәрбие шеңберінде "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" атты семинар-кеңес өтті. Шараға Жоғарғы оқу орындарының және колледждерінің ректорлары мен орынбасарлары, Іщкі істер басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері қатысты. Шара барысында аудан қоғамдық штабының жетекшісінің орынбасары М.Б. Байғанаев Қазақстан Республикасының "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтарды тарту түрлері мен жобалары және қазіргі заманғы жағдайларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтар мен студенттерді тарту жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын іске асыру мәселесін және де Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 9 бабының 3 тармағында белгіленген: "Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган сыйақы белгілейді және төлейді" деген нормасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде талқыға салынды.

         06 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаттарының қатысуымен "Мәңгілік Ел" тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеухан, Алматы қаласы мәслихатының ең жас депутаты Асылхан Төлепов және "Нұр Отан" партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Мәди Жарылқасынұлы Оспанов, Қазақстанның еңбек ері, ұлағатты ұстаз А.Т. Миразова қатысты. Шара барысында "Мәңгілік Ел" болып қалыптасу үшін, құлдық санадан арылу керектігіне қатысушылар ерекше тоқталды. Студенттердің қатысуымен өткен жиын қоғамда қордаланған бірқатар мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы да сөз қозғалды.

      11 мамырда Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ұжымы депутаттарымен кездесіп, "Мәңгілік Ел" идеясын талқылады. "Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 қадам" мен оның 85 және 89 қадамдары - Мәңгілік патриоттық актінің жобасын жасау мен оны жүзеге асыру міндеттері мен метептегі білім беру қоданыстағы оқу жоспары қадамдарының идеясына арналған. Шараға Мәжіліс депутаты З. Аманжолова, аудан прокуроры Б. Жұмақанов қатысты. Аудан прокуроры Қазақстанның гүлденуі мен өркендеу жолы және "Мәңгілік ел" ұлт-жоспарын жүзеге асыру жолында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге ден қоюымыз да өзекті мәселелердің бірі екеніне басты назар аударды. Сонымен қатар, жастар арасында құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларына да назар аударды.

     13 мамырда аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары С. Ағыбаевтың төрағалығымен аудан аумағында орналасқан арнайы мамандандырылған орта білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектеп директорларымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру кеңесі өтті. Кеңес барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, ұлттық стандарттар мен заңнама талаптарына сәйкес орналастыру мәселесі, жастар мен аудан тұрғындары арасында теріс діни ағымдар идеяларының таралуын алдын алу мәселесі, Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында өткізілетін шаралар және жастар арасында құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаларын түсіндіру жұмыстары туралы талқыланды. Күн тақырыбындағы сұрақтармен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған заңнамалар туралы айтылды.

     Ай сайын аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен жиын өткізіледі. Күн тәртібінде талқыланатын сұрақтың бірі - қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған заңнамаларының ережелерін қалыптастыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

     11 маусымда аудан аумағында орналасқан Орталық балалар шұғыл медициналық көмек орнының акт залында Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша "100 нақты қадам - Ұлт жоспарын" орындау шеңберінде пациенттердің құқығын қорғау бойынша бірінші қоғамдық тыңдалым болып өтті. Қоғамдық тыңдалымға Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қ.О. Қазанбаев, аудан әкімі Б.Торғаев, Қоғамдық кеңес төрағасы - мәслихат депутаты Р.А. Алшанов, аудан бойынша округ депутаттары, денсаулық және білім салаларының өкілдері, мектеп директорлары және балабақша меңгерушілері қатысты. Әр саладан жеткізілген баяндамалар талқыға салынды. Шара өткізу барысында қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға аударды.

    2016 жылдың 05 шілдесінде аудан әкімінің мәжіліс залында аппарат қызметкерлердің арасында құқықтық жаппай оқыту шеңберінде "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының негізгі қағидалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің бас ережелері" атты семинар өтті. Семинарға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті" РММ-нің өкілі Б.Кулантаев қатысты. Күн тәртібіндегі сұрақтармен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидалары туралы айтылды.

   15 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі Мәжілісінің депутаты З. Аманжолова ауданда орналасқан Орталық қалалық клиникалық аурухананың еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.И. Ахметов, басқарма қызметкерлері, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Ағыбаев, медицина қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалының мүшелері қатысты. Кездесу барысында көптеген сұрақтар көтеріліп, талқыға салынды. Сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидалары болды.

    16 тамызда аудан әкімінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Б.Н.Торғаевтың төрағалығымен "Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Анапин Мақсатхан Анапияұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Нұрмаханбетов Нұрлан Төреханұлы, Бостандық ауданы прокуратурасының аға прокуроры Оспанқұлов Шынғыс Бауыржанұлы, "Родник" әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығының директоры Балабаева Нина Николаевна қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы аясында құқық бұзушылықтарға, оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаларына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелеріне ерекше назар аударылды.

    19 қыркүйекте аудан әкімінің мәжіліс залында  аппарат қызметкерлерінің арасында "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен реттелетін жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі" атты құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті. Дәріс соңында қызметкерлердің назарына құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелері естеріне салынып, қандай да бір құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде айтылды.

    20 қыркүйекте аудан әкімінің мәжіліс залында аудан бала бақшаларының меңгерушілерімен аудан мектептері директорларымен аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Жаңа оқу жылы басынан оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаларын түсіндіру жұмыстарын өткізу туралы талқыланды.

    23 қыркүйекте "Тұран" университетінде "Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік заңнамасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері алға қойылды; заң ғылымдарының докторы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының профессоры Е.Э. Дүйсеновтің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына авторлық түсініктемесінің тұсаукесері ұсынылды.

     26 қазанда аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалық етуімен "Кәсіпкерлік күні" мәжіліс отырысы өтті. Шараға Алматы қаласы Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы, Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Алматы қаласы Еңбек инспекциясы және қоші-қон басқармасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, "Даму - кәсіпкерлерді дамыту қоры" АҚ, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өкілдері және ауданның бизнес құрылымдары мен құрылымдық бөлімшелер өкілдері қатысты. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарын бақылаушы мемлекеттік органдардың тарапынан олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің коммерциялық құқықтары мүддесін қорғау жайттарының алдын алу туралы сөз қозғалды.

    08 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде 9 желтоқсанда мерекелейтін Сыбайлас жемқорлыкпен күрес халықаралық күнінің қарсаңында дөңгелек үстел өтті. "Дөңгелек үстелде" жемқорлықтың қоғамға деген қатері мен мәселелері туралы сұрақтар қозғалды. Шара барысында, Елбасының Жарлығымен өткен жыл соңында қабылданған "2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия", оның негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары, оны тудыратын себептермен күресуге арналған кешенді шаралар талқыланды. Сонымен қатар, "Қазақстан -2050" Стратегиясының маңызды міндеттері және Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына кіру мақсатында еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімді әдістері талқыланды.

    14 желтоқсанда Бостандық ауданы әкімінің мәжіліс залында аппарат қызметкерлердің арасында құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті. Дәріс кезінде Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11 бабының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13 тармақтарын және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11 бабының 9 тармағында, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетіндігі жөнінде жеткізілді. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 11 баптың 9 тармағының қолданылатын редакциясы талқыланды.

    36 тармақ бойынша. 21 мамырда "Нұр Отан" партиясы Бостандық ауданы филиалы ғимаратында аудан әкімі, партия төрағасы Б. Торғаевпен бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі, аудан прокуроры, Ішкі істер басқармасы бірлесе қоғамдық қабылдау өткізілді. Аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын өткізу кезде, назарларын құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын іске асыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларына аударды.

     02 тамызда аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы мен аудан әкімі аппаратының қолдауымен "Әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық бейімделу және қалпына келу" қоғамдық қордың ұйымдастыруымен "Адам саудасына қарсы әрекет ету кешенді шаралар өткізу" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті "Родник" қоғамдық қорының жетекшісі Н.Н. Балабаева ашып, жоба аясында өткізілген іс-шаралар туралы қорытынды жасады. Шара барысында ҚР адам саудасы жағдайына шолу жасау; адам саудасы - құқықтық аспекті, түрлерін анықтау; адам саудасынан зардап шеккендерді анықтау және тағы басқа тақырыптар талқыланып, бейнесюжеттер көрсетілді. Сонымен қатар, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаларына да назар аударылды.

   18 тамызда"Нұр Отан" партиясы Бостандық ауданы филиалы ғимаратында Бостандық ауданы № 20 округ бойынша Алматы қаласы Мәслихат депутаты М. Азирбаев, аудандық Әділет басқармасының жетекшісі Г.А.Есболганова және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Б.А.Хамзин қоғамдық қабылдауды жүргізді.

    Сондай-ақ, 16 қыркүйекте Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Адилбаев Серик Бикенұлы жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға өздерін толғандыратын түрлі сұрақтармен 14 адам келді. Қоғамдық қабылдау жұмысына Бостандық аудандық әкімшіліктік полиция басшысы, «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамбулов Б, Бостандық ауданы «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Б. Әбдәліұлы қатысты. Қатысқан тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттың жүзеге асырылуына ат салысу әр азаматтың міндеті деп түсіндіру жұмысы жүргізілді.

    12 желтоқсанда "Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты И.И. Байрамуков, аудандың филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Мұхит Ауелбай, Ұлттық техникалық зерттеу институтының профессоры Усенов Садилбек, аудандың филиалының бірінші орынбасары Б. Джамбулов және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Шара барысында Елбасының Жарлығымен бекітілген "2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы", оның бағыттары, сыбайлас жемқорлықтың шарттары, оны тудыратын себептермен күресуге арналған кешенді шаралар талқыланды.

  Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ұдайы бақылауда.