Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі , сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының орындалуы бойынша және Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспарының іске асырылуы бойынша 2017 жылға арналған іс-шаралар Жоспарының жүзеге асыру барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратының атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Аталған іс-жоспардың тармақтарын жүзеге асыру барысында, Бостандық ауданында келесідей іс-шаралар өткізілді.

         1 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында (Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынама) құрылымдық бөлімдері бар, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"тақырыптық баннер орналастырылған. Сонымен қатар, барлық бөлімдер бойынша мәліметтер ұдайы жаңартылып тұратындығын жеткіземін.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсында "Алматы аймақтық 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарын" жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұдайы орналастырылады.

6 тармақ бойынша. Ішкі сауда қағидаларына қатысты ұсыныстар Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индутриалды-инновациялық даму басқармасына жолданылады.

7 тармақ бойынша. Сауда объектілері әкімшіліктерімен жиындар, кездесулер өткізу кезінде мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және ресми еңбек қатынастарын ресімдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беру бойынша ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына жолдау жөнінде сұрақ ұдайы қарастырылады.

16 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша аудан аумағында билбордтар Сәтбаев көшесінде Орталық стадионға қарама-қарсы және Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында, Тимирязев көшесі Байзақов көшесінің қиылысында, Тимирязев пен Маркова көшелерінің қиылысында, Сәтбаев пен Манас көшелерінің қиылысында, Гагарин мен Левитан көшелерінің қиылысында орналастырылған.

56 тармақ бойынша. Баспа басылымдарында Бостандық аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған авторлық мақалалары жарияланды: «Вечерний Алматы» газетінде 11.04.2017ж. № 41 «Усиление работы по противодействию коррупции является основной задачей» атты мақала, «Алматы ақшамы» газетінде 13.04.2017ж. «Қоғамның араласуын қажет етеді» атты мақала, «Алматы ақшамы» газетінде 20.04.2017ж. «Әр азаматтың абыройлы борышы» атты мақала.

59 тармақ бойынша. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттылған тарату материалдарын алған кезде аудан әкімі аппаратымен оларды медицина мекемелерінде, мемлекеттік органдарда және басқа да әлеуметтік нысандар орналасқан жерлерде ұдайы тарату жұмыстары ұйымдастырылады. 

62 тармақ бойынша. Бостандық ауданы әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде мобильді ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, аудан тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Жыл басынан Бостандық ауданы аумағында ЖООы мен ОАОО-да үш кездесу өтті:

21 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша жастармен жұмыс тобының жиыны өтті.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ЖОО-ң әкімшілігі мен студенттері, барлығы 50 адам қатысты.

Шараның басты мақсаты жастарды барлық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" атмосферасын жасауға тарту

10 наурызда Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша колледж оқушыларымен жұмыс тобының кезекті жиыны өтті.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, колледж әкімшілігі, барлығы 25 адам қатысты.

Аталған шараның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіруге, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті белгілеу, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы тұруға тәрбиелеу болып табылады.

26 сәуірде «Тұран» университетінің конференц-залында тұрғындармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша жұмыс тобының жиыны өтті.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ЖОО-ң әкімшілігі және аудан тұрғындары, барлығы 30 адам қатысты.

Шараның өту барысында шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық саласындағы мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, бәрін осы бағытта белсенді ұстаным ұстауға шақырды және тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жоғары деңгейге көтеруіне ат салысу.

69 тармақ бойынша. "Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалының ғимаратында өтетін қоғамдық қабылдау жұмысына аудан әкімі ұдайы қатысады.  Қатысқан тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормалары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттың жүзеге асырылуына ат салысу әр азаматтың міндеті екендігі жайында түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

74 тармақ бойынша. Ауданның барлық мектептерінде педагогика кадрларының жалақысын көтеру үшін негіздеме ретінде педагогика кадрларының санатын көтеру: сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің мәселелері және шешу жолдары тақырыбында дөңгелек үстелдер өтті.

Оқу жылы бойы ұстаздар ұжымы арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие: тәрбиеленушіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде жұмыс» атты тақырыптарында жиындар өткізілді. Сонымен қатар, «Тенңқұқықтылық деген не?», Сыбайлас жемқорлық неге әкеліп соғады?», «Көмек үшін қалай дұрыс алғыс айту» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Жаңа оқу жылы басталысымен барлық аудан мектептерінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік атты тақырыптық сынып сағаттарын, дөңгелек үстелдерін өткізу жоспарлануда.