Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратымен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


21 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қаласының іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынама құрылымдық бөлімдері бар, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"тақырыптық баннер орналастырылған.

«Жаңалықтар» айдарында 25.01.2018ж., 29.01.2018ж. өткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойылған міндеттерді, оның ішінде 9-шы «Жемқорлықпен күрес және Заңның үстемдігі» атты тарауын талқылау бойынша ауданның активі туралы ақпарат жарияланған.

10.04.2018ж. «Алматы ақшамы» газетінде Тұңғыш Президент Саябағында «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлықпен күрес марафоны туралы «Марафонды Бостандық ауданы түйіндеді» атты мақала шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құрастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды шақыру. Марафон эстафета принципі бойынша өткізілді. Ең соңғы кезенде «Эстафета шырағы» Бостандық ауданына тапсырылды.

33 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімімен 2018 жылдың І жартыжылдығында Бостандық ауданы ХҚКО қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша дәрістер мен семинар-сабақ өткізілді. 2018 жылдың І жартыжылдығында өткізілген іс шаралар: дәрістер-4, семинар-сабақ-1.

35 тармақ бойынша. Бюджеттер мен есептер жыл сайын БАҚ-нда және Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жарияланады.

36 тармақ бойынша. Аудан әкімі мен әкім орынбасарларының мүліктері және кірістері туралы мәлімет «Өзіңнен баста» акциясының аясында аудан әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының «Жемқорлықпен күрес» тарауында жарияланған.

38 тармақ бойынша. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 05.04.2018 жылғы №143 ҚР Әділет министрлігінің 13.04.2018 жылғы №578 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» «Коммерциялық емес акционерлік қоғамына азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу функциясын беру бойынша пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 26 сәуірінен бастап пилоттық жоба негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсетіп келеді. Бұйрық негізінде Орталықпен (әрі қарай ХҚКО) мемлекеттік қызметтердің 3 түрі:тууды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, сот шешімі бойынша неке бұзуды тіркеу;АХАТ бөліміненМемкорпорацияғаіссапарға жіберілгенқызметкермен Орталықта (әрі қарай ХҚКО) келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:1) туу және қайтыс болу бойынша азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер еңгізу; 2) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер еңгізу; 3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер еңгізу.

44 тармақ бойынша. Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер паспорты, стандарты, регламенті, мемлекеттік қызметтерді көрсету алгоритмі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер инфографикасы, АХАТ бөлімінің байланыс телефоны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратының интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімімен 2018 жылдың І жартыжылдығында Бостандық ауданы ХҚКО қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша дәрістер мен семинар-сабақ өткізілді. 2018 жылдың І жартыжылдығында өткізілген іс шаралар: дәрістер-4, семинар-сабақ-1.

Сонымен қатар, әкім аппаратының 1 қабатында және Бостандық ауданы ХҚКО ғимаратында орналасқан АХАТ бөлімінде мемлекеттік қызметтерді «электрондық портал үкіметі» арқылы электронды түрде алудың тәсілдері жөніндегі видеоролик көрсетілімі орнатылған (видеоролик көрсетілімі Мемлекеттік қызметтер Агенттігінің ұсынымы бойынша орнатылды).

Аудан қызметтерінің өкілдері және аппарат қызметкерлерімен өткізілетін жиындарда мемлекеттік қызметкерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың негативті салдарын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және қолданыстағы заңнамаларда бекітілген нормалар түсіндіріледі.

47 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Бостандық ауданы аумағында билбордтар Сәтбаев көшесі Орталық стадионға қарама-қарсы, Тимирязев пен Жароков, Тимирязев пен Сейфуллин, Абай мен Манас, Розыбакиев пен Қожабеков, Назарбаев және Сәтбаев көшелері мен даңғылдардың қиылыстарында орналастырылған

48 тармақ бойынша. Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" бөлім тақырыптық баннермен қоса, оның ішінде тұрғындарға осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде барлық ақпарат орналастырылған.

59 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтерді жолдаған кезде, оларды таратылуы қамтамасыз етіледі.

60 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вайндарды жолдаған кезде, олардың жастар және жастар ұйымдары арасында таратылуы қамтамасыз етіледі.

61 тармақ бойынша. Бейне және аудиороликтер жолданған кезде, олардың әлеуметтік нысандарда көрсетілуі қамтамасыздырылады.

69 тармақ бойынша. Бостандық ауданында қараша айында сыбайлас жемқорлықпен күрес эстафета принципі бойынша марафонның өткізілуі жоспарланған.

71 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының: http://bostandyk.almaty.kz сайтында жоспарлау және бюджеттік қаражаттардың игерілуі туралы мәліметерді орналастыру үшін арнаулы тарулардың жасалуы және толтырылуы қамтамасыздырылады.

74 тармақ бойынша. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметшілеріне сыйақы берілді. Осы мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік қызметтегі гендерлік теңдік» атты дебатта қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы Жылкайдаров Айдар Бекбердіұлы жүлделі бірінші орын иегері атанды.

76 тармақ бойынша. Жылдың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат уақытылы Алматы қаласы әкімдігіне жолданылады.

83 тармақ бойынша. Аудан әкімі аппаратының басшылығы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде меритократия қағидатына негізделеді, ол мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету.