Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАР



Алматы қ Бостандық ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты


Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

«17» қыркүйектегі2018 жылғы № 20-ө

өкімімен бекітілген

 

 

  

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

 

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық бөлімімен әзірленген

 

 

Алматы қаласы, 2018 жыл

Кіріспе

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты):

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың тиімділігін жетілдіру және арттыру бойынша жұмыс тобының 2018 жылдың 17 қыркүйегіндегі отырысында мақұлданды;

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2018 жылдың «17» қыркүйегіндегі № 20-ө өкімімен бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) қызметінде жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты көтеру, жемқорлық көріністеріне төзбеушілік болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

Аппарат қызметкерлерінің, өз құқықтары мен міндеттерін іске асыру кезінде тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыпастыру;    

сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн уақтылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Аппараттың қызметінде функцияларды іске асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде қолданылады және орындалуға міндетті.  

Аппарат қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдануға және орындауға дербес жауап береді.

  

Мазмұны

 

Бет.

1. Жалпы ережелер

4

2. Аппарат қызметінің негізгі сипаттамасы

4

3. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қамтитын салалардағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

7

4.Аппарат қызметкерлерінің өз құзыреттерінің шегінде басқару және өзге де шешімдерді әзірлеу және қабылдау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 

7

5. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 

8

 6. Аппарат қызметкерлерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 

9

 7. Аппарат қызметкерлерінің кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 

9

 8. Аппарат қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 

10

 9. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 

10

 10. Өзге де шектеулер мен тыйымдар

 

11

 11. Жемқорлық тәуекелі өте жоғары лауазымдар тізбесі

 

12

 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы техникалық ақпарат

 

12

 

 

1. Жалпы ережелері

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі қызмет түріне әзірленген.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші Аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт салалық сипатта болады және келесі қызмет салалрында қолданылады:

мемлекеттік қызмет көрсету;

тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алуларды жүзеге асыру;

кадрларды іріктеу және орналастыру;

нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

сондай-ақ Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қамтитын салалардағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру, Аппарат қызметкерлерінің өз құзыреттерінің шегінде басқару және өзге де шешімдерді әзірлеу және қабылдау кезіндегі іс-қимылдары мен шешімдерін айқындайды.

 

2. Аппарат қызметінің негізгі сипаттамасы

4.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.

5.Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Аппарат ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

6. Аппарат міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығымен белгіленген:

Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және ауданның аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметшілердің және «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері қызметтерінің тиімділігін бағалау;

аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

7.Аппараттың фукциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 38 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» № 898 Жарлығына сәйкес белгіленген:

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі мен аппаратын ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық мәселелер бойынша қамтамасыз ету;

аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі мен аппараттың мүдделерін сотта қорғау, прокурорлық назар аудару актісін қарау;

мемлекеттік қызметтерді көрсету:

-спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

-мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;

- азаматтық хал актілерді тіркеу және туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;

Аппараттың ісін жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарларды өңдеу, құпия режимін, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында ішкі нысандар ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;

мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;

аудан әкімінде, оның орынбасарларында, Аппарат басшысындағы кеңестерді ұйымдастыру, кеңес хаттамаларын ресімдеу және тарату;

аудан әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;

аудан аппараты актілерінің, аудан әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан аппараты мәжілістері тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкіміне мәлімет беру;

жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;

азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;

өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

Алматы қаласы Бостандық ауданыныңкөріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;

Аппарат кадрларының оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;

гендерлік аспектілерді қарау;

әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру;

аппаратқа жүктелген өзге дефункциялар.

Аппарат басшылықты аппараттың басшысы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оының функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

 

3. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қамтитын салалардағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 

жеке және заңды тұлға өкілдерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тіртіпте және мерзімде қарау;

қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету ;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету ;

адал, әділетті, қарапайым болу, жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды сақтау, жеке тұлғалармен және заңды тұлғалар өкілдерімен қарым-қатынаста сыпайылық және ізеттілік көрсету;

өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеу ;

шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

жеке басының мәселесiн шешу барысында мемлекеттiк органдар, ұйымдар, мемлекеттiк қызмет және басқа адамдардың әрекеттерiне ықпал ету үшiн қызмет бабын пайдаланбау;

мүліктік немесе өзге де игіліктерді алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану жолымен жеке, заңды тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге жол бермеу.

4. Аппарат қызметкерлерінің өз құзыреттерінің шегінде басқару және өзге де шешімдерді әзірлеу және қабылдау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу;

олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;

қарамағындағы лауазымдық тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін дәл және нақты белгілеу;

қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасындағы еңбек жүктемесінің тең бөлінбеуіне жол бермеу;

қарамағындағыларға орындалмайтын немесе лауазымдық міндеттерінің шеңберінен шығатын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы өкімдер бермеу;

қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға мәжбүрлемеу;

 қарамағындағылар мен басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын бұзу фактілерін болдырмау және олардың жолын кесу ;

әріптестері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша мүлтіксіз шараларды уақтылы қабылдау;

лауазымдық өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдамау;

әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйламау және мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;

мүдделер қақтығысы, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке мүдделілігі сыбайлас жемқорлыққа және сыйлықтар алуға итермелеу жағдайлары туындағаны туралы өзiнiң немесе тiкелей басшысына баяндау;

егер мүдделер қақтығысына тiкелей басшының өзi қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгiну;

лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке және өзіндік мүддесін басшылыққа алмау;

әріптестеріне және басшыларына бейтарап қызметтік шешім қабылдауға ықпал ете алатын белгіленген қарым-қатынастар тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер жасаудан аулақ болу;

атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тiкелей басшыға жазбаша хабарлау;

қызметтік немесе өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар өндіріп алу мақсатында пайдаланбау;

жақын туыстық қатынаста (ата-анасы, зерлі-зайыпты, бауырлары, әкпе-сіңлілері, балалары) тұрған тұлғаларға тікелей бағынышты немесе бақылауында болуына байланысты лауазымға тағайындаудан бас тарту;

белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа дереу баяндау.

 

5. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті мемлекеттік қызмет стандарттарын және өзге де нормативтік актілерді сақтау;

Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыста болуын болдырмау; 

сондай ақ:

- көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйе арқылы алынатын құжаттарды талап ету;

- Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету;

- Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерін жол бермеу.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты және оның салдарын жою жөнінде нақты шаралар қабылдау;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттерін көрсетілетін қызметті алушылар болатын жерлерде және мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз ету.

 

6.Аппарат қызметкерлерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қатаң сақтау;

осы заңнамада көзделген жағдайлардан басқа мемлекеттік сатып алулар өткізу үрдісіне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік беру

мемлекеттік сатып алу үрдісінің ашықтығын және айқындығын сақтау;

дербес деректерді өңдеу кезінде ақпараттар мен материалдарды үшінші жаққа бермеу;

шешім қабылданатын;

ақшалай қаражатты жұмсау;

ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

материалдық қорларды және негізгі құралдарды өткізу және есептен шығару жөніндегі алғашқы құжаттарды (ілеспе) ресімдеу;

мемлекеттік сатып алу жоспарынжасау,оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету.

  

7. Аппарат қызметкерлерінің кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

кадрларды іріктеу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;

жұмысқа қабылдау кезінде Аппараттың лауазымды тұлғаларына жүктелетін негізгі міндеттерін, тыйымдар мен шектеулерін түсіндіру;

жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірге қызмет (жұмыс) атқаруға жол бермеу;

Аппарат қызметкерлерінің дербес деректері туралы мәліметтердң негізсіз беруге жол бермеу;

Аппаратқа жұмысқа қабылданатын кандитаттардан қолданыстағы заңнамада белгіленбеген құжаттарды талап етуге жол бермеу;

Аппарат қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеруді орынды және жан-жақты жүргігу.

 

8. Аппарат қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу;

нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жобасын талқылауға жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;

жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында нормативтік құқықтық актілерді орналастыру;

 азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына Алматы қаласы Қоғамдық кеңесімен келісуді қамтамасыз ету;

 жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және акредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерімен келісуді қамтамасыз ету;

 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде ғылыми сараптама (құқықтық, лингвистикалық, эклолгиялық және реттелетін құқықтық қатынастарға қарай басқа) жүргізу мүмкіндігін қамтамсыз ету;

нормативтік құқықтық актілерде жемқорлық факторлары немесе олардың көрінісін қамтитын нормаларды пайдаланбау.

9. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

 

Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;

Жұртшылықтың мемлекеттік қызметке, мемлектке және оның институттарына сенімін сақтау және нығайту;

мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;

қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлықмпен құқық бұзушылықты ашуда белсенді болу;

әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды қолдау және талап ету;

жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу;

іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау;

осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қатаң сақтау.

 

10. Өзге де шектеулер мен тыйымдар

кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатыспау;

педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналыспау;

Аппараттағы үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкіл болмау,  
жеке мақсаттарында пайдаланбау;

жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;

мемлекеттік қызметтерді орындаумен сиыспайтын қызметпен шұғылданбау;

мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу;

жоғары тұрған немесе төмен тұрған , не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау;

өзінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда белгіленген шектеулерді қабылдау.

 

11. Жемқорлық тәуекелі өте жоғары лауазымдар тізбесі

 

№ р/с

Жұмысшы лауазымының атауы

Сыбайлас жемқорлық дәрежесі ( 5 балдық баған бойынша)

1

Қаржы –шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы

2

 

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы техникалық ақпарат

9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа өзгерістер «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының        10 бабы 2 тармағына сәйкес енгізіледі.

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жасаушылар туралы мәліметтер:

 

Мекеме

Жұмысшының лауазымы