Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Бостандық ауданы әкімі аппаратындағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ақпарат



Бостандық ауданы әкімі аппаратындағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ақпарат Аудан әкімі аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс және басқа да бағдарламалар мен жоспарларының орындалуы жөнінде ақпарат тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. Әр айдың 22 жұлдызына дейін. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Бостандық ауданы әкімінің өкімімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады: 1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер; 2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері; 3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; 4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; 5) прокурорлық қадағалау актiлерi; 6) сот актілері; 7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша. Есептік кезеңде, Бостандық ауданы әкімі нормативтiк-құқықтық сипаттағы 7 шешiм және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 256 өкiмдер шығарды. Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданған барлық шешімдер Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркеуден өтеді. Бостандық ауданы әкімінің аппаратында 2016 жылдың 12 айында 10 қызметкер жұмыстан өз еріктерімен босатылған. Жұмыстан босау себебі, еңбекақының аздығымен және басқа жұмыс орнына ауысымен байланыстырады. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады. Берілген ұсыныстар мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты 5 ескерту келіп түсті және ескертулер назарға алынып кемшіліктер жойылды. Сонымен қатар Алматы қаласы прокуратурасынан 11 ұсынысы келіп түсті. Аталған ұсыныс назарға алынып кемшіліктер жойылды. Бостандық ауданы әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына және стандарттарға сәйкес он мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және 9 түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді. АХАТ бөлімімен 2016 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет түрі – 18128, оның 13510 – ХҚКО, электронды портал арқылы – 1639, АХАТ бөлімімен тікелей - 2979 қызмет түрі көрсетілген. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы және ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде комиссия құрылып, комиссияның шешімімен спорттық разрядтар және біліктілік санаттары беріледі. 2016 жылдың 12 айында 1013 өтініш қабылданып, 2 - өтініш қайтарылды, соның ішінде: 40 - «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», 2 - «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», 6 - «Спорт төрешісі», 237 - «ІІ-разрядты спортшы», 212 - «ІІІ-разрядты спортшы», 171 - «І-жасөспірімдік-разрядты спортшы», 287 - «ІІ-жасөспірімдік-разрядты спортшы», 58 - «ІІІ-жасөспірімдік-разрядты спортшы», деген атақ берілді. Аталған қызмет түрі Стандартқа сәйкес 30 күнде көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында, бүгінгі таңда барлық қызметтер ХҚКО немесе электрондық портал арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңның 18-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер келесідей негізінде көрсетіледі: 1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы; 2) Мемлекеттік корпорация арқылы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу үшін ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңында көрсетілген «көрсетілетін қызметті берушілер арқылы», - деген тармағын алып тастау қажет. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізу барысында келесідей қайшылықтар көрініс табуда: 1. Бостандық ауданы әкімінің аппаратына 2016 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан - 1130 өтініш, ал заңды тұлғалардан - 417 хат келіп түсті. Келіп түскен өтініштер бойынша мәселе. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал осының алдындағы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң егжей-тегжейлi материалдары бар болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауаптар берiлсе, өтiнiштердi қарау тоқтатылады. Алайда, жеке немесе заңды тұлғалар өздерінің бір өтініштерін жоғарғы тұрған әр түрлі мемлекеттік органдарға жолдаған уақытта, өтініш түскен барлық жоғарғы тұрған органдар аталған заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес, төменгі тұрған немесе жауапты органға сол бір хатты қарау үшін жолдайды. Осыған орай бір хат әр түрлі органнан немесе бір органның әрбір басшысынан бірнеше рет мемлекеттік органдарға түседі. Жолдаған хаттар бойынша бірінші келіп түскен мекеменің хатына жауап беріп, қалған мекемеден келіп түскен өтiнiштердi қарауды тоқтату мәселесі қайшылық тудыруда. Себебі, заңда бір тұлғаның бір мекемеге жолдаған өтініші туралы қаралып, жоғарыда көрсетілген мәселе қарастырылмаған. 2. ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды: 1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш); 2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін; 3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; 4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі, - делінген. Бұл ретте, заңның өзі құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жария етуге жатады деп көрсетілген және бұл бағытта жұмыс жүргізулуде. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Бостандық ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу комиссиясына 2016 жылдың 12 айында жалпы 3020 азаматтар жүгінді, оның ішінде 1866 адам кеңес алды, 1154 құжат комиссия қарауына қабылданды, 987 өтініштер қанағаттандырылды, 42 өтініштер қанағаттандырусыз қалдырылды, 125 құжаттар өтініш иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 12-бабының 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті, - деп императивтік норма ретінде көрсеткен. Аталған заң нормаларында тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісіне байланысты, сотқа жосықсыз қатысушы деп тану туралы берген талап арызын, ҚР АІЖК талаптарына сәйкес талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз беруге болмайды деп көрсетілмеген және қандайда бір ескертулерде қарастырылмаған. АІЖК-не сәйкес, талапкер өзінің мүддесіне сай қозғалған іс бойынша мәлімделген талапты қолдамау және талап қоюшы талап қою арызын қайтарып алу нормалары талапкердің құқығы ретінде қарастырылған. Алайда, тексеруші мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз беруге болмайды деп көрсетеді. Аталған мәселе заң нормалары тұрғысынан қайшылықтар туғызып, түсінбеушіліктерге алып келеді. Егер, мемлекеттік сатып алудағы әлеуетті өнім беруші өзіне жүктелген міндеттерді мерзімін өткізіп алып болсада, немесе сот процесі жүру барысында орындап бітірсе, бұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудық жосықсыз қатысушысы ретінде танудың және сотқа берген талап арызды қараусыз қалдыруға болмайды деудің еш негізі болмауы мүмкін. Бостандық ауданы әкімінің аппаратымен бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бостандық ауданына Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі. Соның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу – 22; бағалы ұсыныныстарға сұраным – 7; ашық конкурс бойынша – 24, барлығы - 53 тәсіл. Осыған орай, Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласы әкімшілігіне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы апталық есеп беріп отырады. Бостандық ауданы әкімінің аппараты, 2015 жылы 25 мамырда Алматы қаласының әкімімен бекітілген, Алматы қаласының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде жұмыстар атқарады. Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқытық бөліміне ұсынылады. Бекітілген жоспардың тармағын орындау бойынша, ай сайын аудан әкімі кіші мәжіліс залында Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен және пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық саласы мекемелерінің қызметкерлері, аудан тұрғындары, шағын кәсіпкерлік, аудандық қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жиын өткізіледі. Күн тәртібінде талқыланатын сұрақтардың бірі - қоғамдық орындарда азаматтардың мінез - құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаларын қалыптастыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Есептік кезеңде Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ұдайы бақылауда.