
Бекітемін
Алматы қаласының әкімі
____________ А.С. Есімов
2015 жылғы «___»_______
Қазақстан Республикасының
2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі
экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған
Алматы қаласының Іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Орындауға жауаптылар |
Аяқтау нысаны |
Орындау мерзімдері |
Болжана-тын шығыстар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Атқарушы және құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету. |
Аудан әкімдері, қалалық басқармалардың басшылары, Алматы қаласы Ішкі істер, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттері (келісім бойынша).
|
Интернет-ресурстарда тараулар |
Жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей |
Талап етілмейді |
2. |
Ішкі істер органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлері үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтау нормаларын әзірлеу және бекіту. |
Алматы қаласы Ішкі істер, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. |
Жабдықтау нормаларын бекіту туралы бұйрықтар |
2016 жылдың 1 ақпаны |
Талап етілмейді |
3. |
Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау.
|
Алматы қаласы Білім басқармасы. |
Алматы қаласының әкіміне ұсыныс |
2016 жылдың 1 ақпаны |
Талап етілмейді |
4. |
Кәсіпкерлерге жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжатты (өнімнің түрін, санын, иесінің Т.А.Ә., межелі объектісін көрсете отырып, сараптама актісінің телқұжаты) базарларда жұмыс істейтін ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларынан тікелей алуға мүмкіндік беру арқылы жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік кедергілерді алып тастау.
|
Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармалары, Алматы қаласы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (келісім бойынша). |
Бірлескен бұйрық
|
2016 жылдың 1 желтоқсаны |
Талап етілмейді |
5. |
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету.
|
Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы. |
Ақпаратты интернет-ресурста орналастыру
|
2015жылдың 1 желтоқсаны |
Талап етілмейді |
6. |
Кондоминиум объектісіне қызмет көрсететін ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртібін регламенттеу. |
Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы.
|
Бұйрық |
2015жылдың 10 маусымы |
Талап етілмейді |
7. |
Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша тұрақты айдарлар ашу. |
Қаланың Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департмеенті (келісім бойынша). |
Айдарлар |
Тұрақты |
Талап етілмейді |
8. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің және мәдениет мекемелерінің жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу. |
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор- -лыққа қарсы іс-қимыл департаменті(келісім бойынша). Алматы қаласы Ішкі саясат, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, Жастар саясаты мәсе-лелері жөніндегі, Мәдениет басқармалары.
|
Жұмыс жоспары |
Тұрақты |
Талап етілмейді |
9. |
Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту
|
Алматы қаласы Білім, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары. |
Жұмыс жоспары, оқу бағдарлама-лары |
Жыл сайын, 1 қыркүйектен кешіктірмей
|
Талап етілмейді |
10. |
ҮЕҰ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру. |
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті(келісім бойынша).
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру
|
Жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей
|
Қалалық және республика-лық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде |
11. |
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халық-аралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимылды, сондай-ақ сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету. |
Алматы қаласы әкімінің аппараты, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті(келісім бойынша).
|
Алматы қаласының әкіміне ақпарат
|
Жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей
|
Талап етілмейді |
12. |
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлең-келі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Алматы қаласының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауды жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік орган-дардың, қоғамдастықтың, БАҚ өкілдері қатарынан арнайы мониторингтеу тобын құру.
|
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті(келісім бойынша). |
Бұйрық |
Жыл сайын, 1 қарашадан кешіктірмей
|
Талап етілмейді |
13. |
Арнайы мониторингтеу тобының Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз ету. |
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті(келісім бойынша).
|
Талдауды жүргізу |
Жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей |
Талап етілмейді |