2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАР



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратымен 2020 жылдың 1-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


Осы іс-шаралар Жоспары тармақтарының жүзеге асыру барысында Бостандық ауданында келесі шаралар өткізілді.

21 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыру жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі,   «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпаратты қамтитын, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу туралы құрылымдық бөлімдері бар, сонымен қатар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар" тақырыптық баннер орналастырылған.

2020 жылдың 13 ақпанында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Almaty live» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

2020 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының әкімі А.Е. Рахымбетов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, оның барысында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.

Халықпен өткізілген кездесулер, «Ашық есік күндері», «Адалдық алаңы» аясында өткізілген шаралар аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде, сонымен қатар bostandyq.adaldyq_alany инстраграмм-парақшасында жарияланады.

29 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімімен 2020 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша үш семинар-сабақ өткізді.

31 тармақ бойынша. Бюджеттер мен есептер жыл сайын БАҚ-нда және Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жарияланады.

32 тармақ бойынша.Аудан әкімі мен әкім орынбасарларының мүліктері және кірістері туралы мәлімет «Өзіңнен баста» акциясының аясында аудан әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» тарауында жарияланған.

38 тармақ бойынша.«Алматы» телеарнасында сұхбат беруін ұйымдастыруды қамтамасыз ету барысында, 2020 жылдың 13 ақпанында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Almaty live» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

2020 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының әкімі А.Е. Рахымбетов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, оның барысында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.

39 тармақ бойынша.Аудан қызметтерінің өкілдері және аппарат қызметкерлерімен өткізілетін жиындарда мемлекеттік қызметкерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың негативті салдарын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және қолданыстағы заңнамаларда бекітілген нормалар түсіндіріледі.  

Ағымдағы жылдың 28 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында аудан әкімінің халықпен өткізген жеті есептік кездесуінде сыбайлас жемқорлықтын көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын қалыптастыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар талқыланды.

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында «Nur Otan» партиясы Бостандық ауданы филиалында аудан әкімі А.Рахимбетов пен Алматы қаласы мәслихат депутаты И.Байрамуковтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты А.Платонов аудан тұрғындарына қабылдау өткізді. Мәжілісмен қабылдауға келген әр адаммен егжей-тегжейлі әңгіме өткізіп, әр өтінішті бақылауға алды.

20 қаңтарда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының жеке құрамы Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту штабының өкілдерімен кездесу өткізді, шара барысында «Ішкі істер органдарының жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбына дәрістер оқылды. Сонымен қатар, кездесуге Алматы қаласы бойынша арнайы мониторинг тобының мүшесі Н.Зигангиров қатысты. Кездесу барысында, сыбайлас жемқорлық және оған қарсы тұрудың жолдары талқыланып, орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық оқиғалар туралы мысалдар келтірілді.

22 қаңтарда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бастапқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту штабының өкілдерімен «Ішкі істер органдарының жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс түрде кездесу өткізді.

27 қаңтарда Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының «Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне кезекті құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті.

31 қаңтарда аудан әкімі А. Рахимбетовтың төрағалығымен Алматы қаласы №4 қалалық емхананың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы активінің жиыны өтті. Еріктілік сұрақтары талқыланып, еріктілер жобасының негізгі бағыттары аталды. Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтардға назар аударылды.

11 ақпанда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының азаматтық процестік құқық пәні бойынша кәсіби дйындық факультетінің курсанттарына Алматы қаласы жеке сот орындаушыларының қатысуымен дәріс-семинар нысанында сабақ өткізілді. Сабақ барысында жеке сот орындаушылар сот орындаушыларының қызметі жайында сұрақтар талқыланды, соның ішінде сот актілерін орындау тәртібі жөнінде мағлұмат берілді. Негізгі сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болды.

17 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен 50-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында «Білім беруді цифрландыру жағдайында Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты ғылыми методикалық конференциясында «Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары» секциясы өтті. Сонымен қатар, қоғамда, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылды.

28 ақпанда аудан әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы заңнамасына өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Іс-шараға ПИК-ң төрағалары мен сервистік компаниялардың жектешілері қатысты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтары талқыланды.

29 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қиыр шығыс кафедрасында Корей Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесу өтті, кездесу барысында ол болашақө ынтымақтастық тақырыбында дәріс оқиды. Шараға университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Сонымен қатар, қоғамда, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылды.

03 наурызда «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы және «Жас Отан» жастар қанаты «ЮСИМАС» бастауыш партия ұйымымен бірлесіп, балалар мен ата-аналарға арналған «Табысты кәсіпкерлік және цифрландыру және жоғары технологиялар дәуіріндегі кәсіби бағдар» тақырыбында бизнес-тренингін өткізді. Аталмыш шараға №146, №125, №10, №93 иектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты. Негізгі талқыланған сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болды.

05 наурызда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында «Әлемдегі діни жағдайдың дамуының негізгі тенденциялары» тақырыбында дәріс-семинар нысанында сабақ өткізілді. Дәріскер мәдениетті тәрбиелеу, зайырлы мемлекеттің идеологиясын дамыту, теологиялық білім беру, өскелең ұрпақты еңбекпен қамту мәселелерінде барлық қоғамның, отбасының, мектептің күш-жігері қажет екенін атап өтті. Негізгі талқыланған сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту сұрағы болды.

05-06 наурызда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының тыңдаушыларына «Алматы қаласы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» ММ-ң базасында шығу семинар сабақтары өткізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін айта отырып, Орталық қызметкерлері ІІО-мен бірлескен жұмыстың маңыздылығын, осы проблеманы әр түрлі алаңдарда талқыланудың өзектілігін, сындарлы тәжірибені зерделеу мен заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіруді атап өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтардға назар аударылды.

42 тармақ бойынша.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында қазіргі таңда Бостандық ауданы аумағында: Әл-Фараби – Гагарин, Әл-Фараби – Жароков, Сәтбаев – Сейфуллин, Розыбакиев – Қожабеков, Әл-Фараби – Навои көшелерінің қиылысында бейнебилбордтар орналастырылған.

43 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері, қызметтік әдеп ережесі мәселелері, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері жөнінде бйне-жадынамаларды жолдаған кезде, оларды Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсына орналастыру қамтамасыз етіледі.

54 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік сұхбатты жолданған кезде, олардың таратылуы қамтамасыз етіледі.

55 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вайндарды жолдаған кезде, олардың жастар және жастар ұйымдары арасында, әлеуметтік желілерде таратылуы қамтамасыз етіледі.

56 тармақ бойынша. Бейне және аудиороликтер жолданған кезде, олардың әлеуметтік нысандарда көрсетілуі қамтамасыздырылады.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі ғимаратында орналасқан АХАТ бөлімінде мемлекеттік қызметтерді «электрондық портал үкіметі» арқылы электронды түрде алудың тәсілдері жөніндегі видеоролик көрсетілімі орнатылған (видеоролик көрсетілімі Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұсынымы бойынша орнатылды).

57 тармақ бойынша. 2020 жылдың 13 ақпанында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Almaty live» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

2020 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының әкімі А.Е. Рахымбетов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, оның барысында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.

63 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонның «эстафета» қағидаты бойынша өткізу кестесі жолданған кезде, тиісті шаралар өткізіледі.

2020 жылдың 8 қаңтарында Бостандық ауданы әкімінің аппараты "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында «Ашық есік күндерін» бастады. Бостандық ауданының Сәтпаев көшесі, 101 мекен-жайы бойынша орналасқан №65 мектеп базасында аудан тұрғындарымен кездесуге аудан әкімі Алтай Рахымбетов, әкім орынбасары және әкім аппаратының бөлім басшылары қатысты. Бұл жолы тұрғындар дәмхананың жұмысына, аулалардың абаттандырылуы мен санитарлық жағдайына және тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да маңызды мәселелер көтерді.

2020 жылдың 09 қаңтарында Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Алматы қаласы бойынша ақпараттық-ағарту штабының басшысы С. С. Балғынбаевтың төрағалығымен Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен жиналыс өтті. Кеңесте сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері және штаб мүшелері қатысты.
         2020 жылдың 15 қаңтарында Бостандық ауданы әкімінің аппараты «Бостандық ауданы - адалдық алаңы» жобасы аясында «Ашық есік күнін» өткізді. Кездесуде қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, шешімін табу үшін кейбір сұрақтар аудан басшылығының қарауына және бақылауына алынды.

27 қаңтарда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында "Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі туралы жаппай оқыту өтті. Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Д. Аймырза салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі жөнінде мәлімдеді. Сонымер қатар, аппарат басшысы Б. Алиярова мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығы жөнінде айтты.

28 қаңтарда сағат 11.00де №68 мектеп-гимназиясында аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті. Халыққа есеп беру кездесуіне қала басшысы Б.Сағынтаев және қалалық әкімдіктің басқармалары мен аудан қызметтерінің өкілдері қатысты. Залға жиналған 230 адамнан 66 ауызша, 16 жазбаша сұрақтар келіп түсті. Содан кейін, азаматтарға жеке қабылдау ұйымдастырылды.

29 қаңтарда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында сағат 15.00де "Қазақфильм" ықшам ауданында орналасқан №88 мектепте "Ашық есік күндері" аясында аудан тұрғындарын қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдау барысында көтерілген барлық сұрақтар қарастырылды.

"Алмагүл" ықшам ауданындағы №125 мектепте аудан әкімінің тұрғындармен кезекті есептік кездесуі өтті. Халыққа есеп беру кездесуіне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы және қалалық әкімдіктің басқармалары мен аудан қызметтерінің өкілдері қатысты. Залға жиналған 300 адамнан 37 ауызша, 24 жазбаша сұрақтар келіп түсті. Содан кейін азаматтардың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

05 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында "Ерменсай" ықшам ауданында орналасқан №183 мектеп қабырғасында аудан әкімінің қатысуымен "Ашық есік күндері" аясында тұрғындарды қабылдау өткізілуде. Іс-шараға 30 жуық аудан тұрғындары келіп отыр. Қабылдау барысында "Ерменсай" ықшам ауданындағы сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жарықпен қамту деген сияқты өзекті сұрақтар талқылануда.

06 ақпанда "Алматы энергетика және байланыс" университетінде аудан тұрғындарына есеп беру кездесуім өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев, қалалық мәслихат депутаттары және жалпы саны 530 аудан тұрғындары қатысты. Келіп түскен сұрақтардың саны 17. Олардың басым бөлігі аулаларды көріктендіру және жарықпен қамту мәселесіне қатысты болды.

07 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында №70 жалпы білім беретін мектепте "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі"тақырыбында дәріс өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлық ұғымын беру; Балалардың мейірімділік, адалдық, парасаттылық туралы білімдерін нақтылау; оң және теріс қылықтарды дұрыс бағалауға үйрету; адалдықты, шыншылдықты, сондай-ақ өз мемлекеті алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

08 ақпанда Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазынұлы 2019 жылға ауданның әлеуметтік – экономикалық даму қорытынды есеп беру кездесуін аяқтады. Шара ауданға жаңа қосылған аумақтағы №189 Білім беру ошағында өтті. Шара барысында Алтай Ерғазынұлы тұрғындар алдында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді. Ресми бөлімі аяқталғаннан кейін тұрғындарды мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді. Аудан тұрғындары Алтай Рақымбетовке өздерін толғандыратын сұрақтарын оларға тұшымды толық жауаптар алып ризашылықтарын білдірді. Сондай ақ аудан басшысы қойылған барлық сұрақтарды тиімді шешілуіне өз бақылауына алатынын жеткізді. Жиын артынан әдеттегідей азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

12 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында "Нұрлытау" ықшам ауданында орналасқан №190 мектеп қабырғасында "Ашық есік күні" өтті. Іс-шараға 30 жуық аудан тұрғындары келіп отыр. Қабылдау барысында "Нұрлытау" ықшам ауданындағы сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жарықпен қамту деген сияқты өзекті сұрақтар талқыланды.

17 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Алматы қаласы "№4 Қалалық емхана" ШЖҚ КМК базасында Бостандық ауданының медициналық ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды. Ол өткен жылы пациенттер мен медициналық ұйымдардың қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерге шағым түскен жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ, 2020 жылы медициналық көмектің "айқындылығын" қамтамасыз етуді жалғастыру, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты қамтитын азаматтар мен қызметкерлердің өтініштерін қарау жоспарлануда.

26 ақпанда "Bostandyq aýdany-Adaldyq alańy" жобасы аясында Қалалық студенттер емханасында азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдауды аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары өткізді. Қабылдауға ауданның 20-дан астам тұрғыны қатысты. Сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жарықпен қамту деген сияқты өзекті сұрақтар талқыланды.

26 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында
Бостандық ауданындағы №29-шы Балалар кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел болып өтті. Бұл іс шараға №40-шы ж.б.б мектептің оқушылары қатысты. Мақсаты:1. Оқушылардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту; 3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

"Бостандық ауданы - Адалдық алаңы" жобасы аясында М.В.Ломоносов атындағы №38 гимназия қабырғасында тұрғындарды қабылдауы өтті. Келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі қабылдау барысында шешілді. Уақыт талап ететін кейбір мәселелер бойынша жұмыс атқаратын боламыз.

11 наурызда "Орбита" ықшам ауданында орналасқан №4 қалалық емханада "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдау өтті. Іс-шараға аудан басшылығы, аудандық құрылымдардың өкілдері қатысты. Өз кезегінде біз халықтың мұң-мұқтажы мен өтініш-арыздарын уақытында және тиімді шешуге тырысамыз.

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты ғимаратының кіші залында «Бостандық ауданы – Адалдық Алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Д. А. Мурзинның төрағалығымен Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және Бостандық ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бақармасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сонымен қатар 37 аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен жиылыс өтті. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету. Кәсіпкерлер көкейінде жүрген өздерін қызықтыратын сұрақтарға, атап айтқанда мемлекеттік қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар бойынша қажетті түсініктеме және кеңес алуға мүмкіндік алды.

Барлық шаралар өткізілген сайын bostandyq.adaldyq_alany инстраграмм-парақшасында жарияланады.

65 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының: http://bostandyk.almaty.kz сайтында жоспарлау және бюджеттік қаражаттардың игерілуі туралы мәліметерді орналастыру үшін арнаулы тарулардың жасалуы және толтырылуы қамтамасыздырылған.

70 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі Ұлттық баяндама туралы ақпарат уақытылы Алматы қаласы әкімдігіне жолданылады.