Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Құлаққағыс ҚҰЛАҚҚАҒЫС



«Өз жолыңды тап!» Бітірушілер жәрмеңкесі


2018 жылы 6 сәуір күні Алматы Технологиялық Университетінде (бас корпусы, Толе би,100) «Өз жолыңды тап!» бітірушілер жәрмеңкесі өтеді.

Жыл сайынғы өтетін түлектер жәрмеңкесі университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықтың ең тиімді түрлерінің бірі болып табылады.

Жәрмеңкенің басты мақсаты бітіруші түлектерді жұмыс берушілермен кездестіру. Жас маманды жұмысқа орналасудан бұрын алдын ала таңдауға, өзінің әлеуетін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беру.

Бітірушілер, өз кезегінде, белгілі бір мамандыққа деген сұраныстың, жұмыс берушілердің ұсынатын дайын бос орындары туралы ақпараттар ала алады.