Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Құлаққағыс ҚҰЛАҚҚАҒЫС



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтеді


  ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің қолдауымен және Бостандық ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен  2017 жылы 22 желтоқсан күні сағат 10.00-де Алматы қаласы Бостандық ауданында  «Мега - Алматы» ССО-да Розыбакиев көш, 247, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтеді.

 Шараның мақсаты:  электрондық қызметтерді насихаттау және олардың сапасын арттыру, жемқорлық байланыстарын азайту, электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын интерактивті үйрету, электронды мемелкеттік көрсетілетін қызметті пайдалануды халық арасында насихаттау.

 Жәрмеңке шеңберінде онлайн-қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу дағдыларын интерактивті оқыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

  Шараға білім, денсаулық сақтау, архитектура, жер мәселелері, тұрғын үйлер, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту салалары бойынша қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін Алматы  қаласының жергілікті және құрылымдық органдарының білікті мамандары қатысады.