2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Құлаққағыс ҚҰЛАҚҚАҒЫС



Хабарландыру! Қаңғыбас ит, мысықтарға арналған баспана ашу


Үйсіз, егесіз жүрген жануарларды күтіп баптау, сауықтыру және оларды жаңа өмір жағдайларына бейімдеу орталығын құруды, орталықтан асырап алынған ит мысықтардың өзара әрекеттесу дағдыларын үйрету, жануарларды қорғау саласында еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында, Алматы қаласында үйсіз жануарларға арналған орталықтар құру жоспарланған.

Осыған байланысты Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2017-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған баспана ұйымдастыруға ниетті қоғамдық ұйымдар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390-21-22 телефон арқылы хабарласып толық ақпарат алуына болатынын хабарлайды.