Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Құлаққағыс ҚҰЛАҚҚАҒЫС



Дінге қатысты сұрақтар бойынша ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ


                      Құрметті Бостандық ауданы тұрғындары мен қонақтар!

2017 жылдың 20 сәуірде Алматы қаласында дінге қатысты сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады.

 ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ: Сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

 Мекен-жайы:Алматы қаласы, Төле би көшесі (Байзақов көшесі қиылысы), 155-ғимарат, 6-қабат, 608-кеңсесіне келу.

 Келушілер назарына:

Дін туралы ұғымдарыңызды кеңейту мақсатында сараптамалық кеңес алғысы келетінбарлық қала тұрғындарына, қонақтарына, журналистерге, сарапшыларға келуге болады.  

 Егерде:

 -Дін мәселелері бойынша қиын жағдайға тап болған жақын туыстарыңыз болса;

-Сізге немесе отбасыңыздың мүшесіне оңалту жөнінде сарапшылардың кеңесі мен көмегіне мұқтаж болса;  

-Сіз дін призмасы арқылы сананың айла-шарғы жасау туралы сапалы ақпарат іздесеңіз; 

-Қазақстан елінің дін саласындағы заң бұзушылықтары туралы мәлімет айтқыныз келсе;

-Сізге дін туралы кәсіби деңгейіңізді жақсартуға әдістемелік қолдау немесе кеңес қажет болса хабарласыныз.

 Қабылдаушылар:

  Юлия Денисенко, ЗТБ «Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының» директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.  «Психологиялық және филологиялық зерттеу» және «дінтану зерттеу» саласындағы сот сараптамасы ісін жүргізуге құқығы бар сот сараптамасының білікті маманы. «Дінтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі. Кәсіби журналист, кеңесші және деструктивті топтардың әлеуметтік-психологиялық айла-шара әсеріне қарсы жұмыстар жаттықтырушысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің  Қоғамдық кеңесінің мүшесі;


Құдайқұлов Тұрсын Танатарович, Алматы қаласы ДІБ «Сараптама жәнезерттеу орталығының» түсіндіру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастырубөлімінің басшысы, Исламтану магистрі;

 

Иванов Владимир Александрович, Алматы қаласы ДІБ «Сараптама және зерттеу орталығының» Алматы қаласының діни ахуал мониторинг бөлімінің басшысы. Философия ғылымының кандидаты PhD.

Қоғамдық қабылдау дін туралы жоба «114 сенім телефоны» аясында өткізіледі.

 

Ұйымдастырушылар: ЗТБ «Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы» және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ШЖҚ-дағы МКК «Сараптама және зерттеу орталығы».


Алдын-ала жазылу және ақпарат алу:

Байланыс телефоны: 8 (727) 378-48-06, 8 (727) 222-17-08 (қосымша байланыс) Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Сараптама және зерттеу орталығының» Ақпараттық және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.