Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған «Darmen» тегін мобильді қосымша іске қосылды
16.04.2019
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған «Darmen» тегін мобильді қосымша іске қосылды

Жоба Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының даму Орталығы және қазақстандық әзірлеуші- компания «I2NIK» ЖШС-і арқылы іске асырылған.

Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшеттер иеленушілері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады, қазіргі уақытта қосымшаны 2000 желі пайдаланушылары өздеріне жүктеген.

 

«Darmen» қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халықты хабарлау тәжірибесі қолданылды. Бұл ретте, біздің қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың /дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б./ туындау қаупі мен пайда болуы туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.

Қаланың ТЖД-і «Қазгидромет» және Сейсмологиялық эксперименттік-әдістемелік экспедиция қызметтерінен жедел деректерді алғаннан кейін хабарландырулар жасайды. Ары қарай, Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші деректерді жүйеге енгізіп, push қосымшасын қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру арқылы жібереді.

Ұялы қосымшалар сынақтан өтілді және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткізу бойынша жоғары тиімділікті көрсетті. Сонымен, 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап ТЖД-і қала тұрғындарын төтенше жағдайлар туралы құлақтандыруды SMS-хабарламамен бірге «Darmen» қосымшасы арқылы хабарлайтын болады.

Аталған қосымшаны дүкендерден App Store, PIay Market мобильді телефондар қосымшасы үшін «Darmen» -деген атпен жүктеуге болады.

Алматыда Сакура аллеясы пайда болды.
15.04.2019
Алматыда Сакура аллеясы пайда болды.

Алматыда Есентай өзенінің бойында, күншығыс елінің символына айналған Сакура аллеясы пайда болды.

Оқиғалар
Алматыда марафон кезінде қай көшелер жабылады
16.04.2019
Алматыда марафон кезінде қай көшелер жабылады

Осы жылдың 21 сәуірінде Алматыда халықаралық "Алматы марафон-2019 өтуіне байланысты қаладағы бірқатар көшелерге көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Алматыда велошеру өтті
15.04.2019
Алматыда велошеру өтті

Алматыда қос дөңгелекшілердің қатысуымен шеру өтті.

Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5